Аймақтар • 10 Сәуір, 2017

Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

631 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жаңа басшысын таныстырды.

Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Аталмыс басқармаға бұған дейін облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі - баспасөз хатшысы лауазымын атқарған Айдар Башбаев тағайындалды.  

 Айдар Карбозұлы 1972 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы тарихшы, экономика және бизнес бакалавры. Еңбек жолын Ақтөбе облысы Ырғыз ауылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман, Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы болып қызмет атқарған. 2008 жылдың қараша айынан бері Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі - облыс әкімінің баспасөз хатшысы болды. 

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/almaty-oblysynyn-tilderdi-damytu-baskarmasyna-zhana-basshy-keldi_a3015796

Соңғы жаңалықтар

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Академик, ұстаз тағылымы

Тағзым • Бүгін, 08:35