Технология • 11 Сәуір, 2017

«Smart start» жобасы басталды

453 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада «Smart Start» қанатқақты жобасы басталды. Сту­ден­т­тер жоба аясында ­кәсіби білімдерін жетілдіру үшін тә­жі­ри­белік экскурсияға қатысып, Есіл аудандық ХҚКО және «Ұлттық ақпараттық технология­лар» АҚ жұмыстарымен танысады.

«Smart start» жобасы басталды

«Smart Start» жобасын іске қосу және жоба тәлімгерлерімен танысу салтанаты «Зерде» Ұлт­тық инфокоммуникациялық хол­дингінде өтті. Мемлекеттік орган­дардағы сәулет блогы мен жоба­лық офис қызметі туралы баян­даған холдингтің басқарушы директоры Динара Щеглова өз тәжірибесімен бөлісті.

Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Астана, Семей қалаларында инфо­­­ко­ммуникациялық техно­ло­гиялар мамандығында оқып жатқан студенттер  мен бітіру­шілер жобаға қатысу үшін арнайы іріктеу­­ден өткен. Тәжіри­беден өтуге кел­ген­дердің бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті­нің ақ­па­рат­тық жүйелер магистрі Жақсылық Дүйсен­бекұлы. Ол жоба­ға қатысу үшін инфо­ко­м­муни­ка­циялық техно­логияларды дамыту тақы­ры­бында эссе жазғанын айтады.

"Қазір тұтыну заттарына ин­тернет арқылы тапсырыс беру, әлеуметтік, медициналық қыз­меттерді  онлайн арқылы атқа­руда инфокоммуникациялық тех­нологияның маңызы өте жоғары. Ұлттық компанияларда тәжіри­беден өту арқылы жобалық офис қыз­меті туралы көп нәрсемен танысуға болады", дейді ол.

Аталған жобаға іріктеу биыл наурыз айында басталған. «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» басқарма төрағасының орынбасары Жарқынбек Аза­матов­тың айтуынша, өндірістік тәжірибеден өтуге ынталы студент­тердің жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ. Болашақта жоба жалғасуы мүмкін.

«Әзірге 10 студентті ғана таңдап алдық. Жобаны жалғас­тыру немесе  тоқтату ісін алдағы уақытта нәтижеге қарай ойлас­ты­ратын боламыз. Қазір жұмыс берушілер студенттерден тә­жірибе талап етеді. Оқуды енді бітірген студентте тәжірибе қайдан болсын? Осы олқылық­тың орнын толтыру мақсатын­да осындай бір жобаны қолға алдық», дейді басқарма төраға­сының орынбасары.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»