Ширек ғасыр ішінде мемлекеттеріміз арасындағы қатынастар жақсы деңгейге көтерілді: екіжақты байланыстар дамуда, елдеріміздің сыртқы саясат және бейінді ведомстволары арасындағы ынтымақтастық нығаюда, шарттық-құқықтық база кеңеюде, Астана халықаралық қаржы орталығын құру шеңберінде халықаралық қаржы саласындағы өзара іс-қимыл ілгерілеуде.
Қазақстан Ирландияның халықаралық инвестицияларды тарту және жоғары технологиялар, коммуникация мен ауыл шаруашылығы салаларындағы трансұлттық компаниялардың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша зор тәжірибесіне қызығушылық танытады. Көпжақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдау көрсету де Қазақстан-Ирландия қатынастарының аса маңызды бөлігі болып табылады.
Жалпы, екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуетін назарға ала отырып, Қазақстан Ирландиямен жан-жақты қатынастарды күшейтуге және кеңейтуге бағытталған сыртқы саяси бағдар ұстанатын болады, деп атап көрсетілген коммюникеде.
«Егемен-ақпарат»