Аймақтар • 11 Сәуір, 2017

Базарға әркім барар...

424 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қай кезде де Алматы сияқ­ты ме­га­полисте қара базар­лар­ды құр­ту, сауда орын­дарын жа­­ңар­ту, замана тала­бына сай кел­­бетке көшіру ше­ші­мін күт­­кен көкейкесті мәсе­ле­лер қа­­та­рында. Жыл са­йын әкім есеп берген кезде де «базар­лар­­­дың жыры» бір ай­тыл­май қал­май­ды. Көлік кеп­телегі, ан­­ти­­сани­тар­лық жағдай, өрт, қыс­­қасы, дау-дамайдың көбі осы қара базар­лардың айна­ла­сында еді.

Базарға әркім барар...

Орасан қаражатты қажет етсе де, бұл күнде Алматының қара базарлары біртіндеп келмеске кетуде. Орталықтағы бұрынғы сауда орындары да жаңартылуда. Қысқасы, бұл істе ілгерілеу бар.

Мәселен, қала әкімі Бауыр­жан Байбек жұмыс бабында қаланың жаңарған сауда ба­зар­ларының жұмыстарын тек­серді. Жұрттың бәрі біле­тін «Көк базар» сауда орта­лы­­ғында және заманауи талап-келбетке ие «Mizam» ат­ты ал­ғашқы көтерме-тара­ту орталығында болды. Сатушыға да, саудаласушыға да барынша ың­ғайлы етіп салынған «Mizam» базары әлемге таны­мал фран­­цуздың атақты «Ран­жис» базарының жобасына негізделген.

«Бұл жоба мемлекет-жеке­меншік серіктестігінің шы­­найы үлгісі. Осы жобаны қала құры­лысы кеңесінде қор­ғаған кезде біз базар ең арзан болады деп уәде берген едік, осы саясатты ұстанамыз», деді «Mizam» орталығының бас директоры Досмұхан Керімбаев

«Mizamның» негізгі тұ­жы­рымдамаларының бірі – жет­кізушілермен ара­дағы дел­далсыз, тікелей жұмыс іс­теу, нәтижесінде тауар бағасы төмен. Жоба мемлекет-жекемен­шік серік­тестігі негізінде жүзеге ас­ты, құрылыс толық жеке инвес­тиция есебінен салынды. Жоба құны 3,1 млрд теңге және мұнда 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.

Алматы әкімі сауда базар­ларын жаңарту бағдар­ламасы аясында биылғы жылдың ақ­пан айында іске қосылған «Көк базар» сауда орталығын да аралап шықты. Павильон алаңы 20 мың шаршы метр, оның 10 мың шаршы метріне сауда алаңы орналасқан. Базар­дың екінші бөлігінде 400 орын­ды екі қабатты паркинг бар. Жобаның құны 2,5 млрд тең­гені құрайды. Жаңарған базар­да 500-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болды.

Осылайша Алматыда сауда орындарын қауіпсіздік пен сани­тарлық норманың барлық талаптарына сай келетіндей етіп жаңа форматқа көшіру жұмыс­тары кең қарқын алуда.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ


Соңғы жаңалықтар