Жекпе-жек • 11 Сәуір, 2017

Түркия татамиі табысты болды

118 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан «Grand Prix» турнирі аяқталды. Дүбірлі додаға 34 елден 252 балуан келіп, күш сынасқан болатын. Жарысқа біздің елден 22 дзюдошы да қатысып, жекелеген балуандарымыз тәп-тәуір нәтижелерге қол жеткізді.

Түркия татамиі табысты болды

Иә, қазақстандық балуандар үшін Түркия татамиі табысты болды. Анта­лияда бізге екі алтыны бар алты медаль бұйырды. Медальдар саны бойынша Қазақстан құрамасы қанжығасы төрт алтын жүлдемен майланған Ресей балуандарын алға жіберіп, командалық есепте екінші орынға жайғасты.

Ерлер арасында 60 кило салмақта күрескен Ғұсман Қырғызбаев чемпион атанса, қыздардан 48 салмақ дәрежесінде Галбадрах Отгонцэцэг жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Максим Раков (100 кг) пен Мариан Ордабаева (63 кг) күміс жүлдеге ие болса, 78 кило салмақта күрескен қыз­дары­мыз Зарина Раифова мен Альбина Аман­гелдиева қола медальға қол жеткізді.

Түркияда өткен бұл турнирден кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингі мынадай болып жаңартылды.

Дзюдошылар жеңіс үшін 700 рейтин­гілік ұпай алса, күміс жүлдеге 490 ұпай, ал қола медальға 350 ұпай берілді.

Дзюдодан ерлер арасындағы

әлемдік рейтинг (1-50)

60 кг

Елдос Сметов – 8-ші орын (1737 ұпай)

Ғұсман Қырғызбаев – 14-ші (1250)

Рустам Ибраев – 24-ші (946)

66 кг

Азамат Мұқанов – 18-ші (1172)

Елдос Жұмаханов – 36-шы (562)

73 кг

Жансай Смағұлов – 45-ші (462)

81 кг

Әзиз Қалқаманұлы – 25-ші (730)

90 кг

Ислам Бозбаев – 14-ші (1282)

-100 кг

Максим Раков – 13-ші (1222)

+100 кг

Ержан Шынкеев – 22-ші (1072)


Дзюдодан әйелдер арасындағы әлемдік рейтинг (1-50)

48 кг

Галбадрах Отгонцэцэг – 2-ші (3200)

52 кг

Айкүнім Түйтекова – 50-ші (348)

57 кг

Севара Нышанбаева – 24-ші (818)

63 кг

Мариан Ордабаева – 16-шы (1159)

70 кг

Дильбар Өмірәлиева – 46-шы (406)

Зере Бектасқызы – 48-ші (384)

-78 кг

Альбина Амангелдиева – 13-ші (1387)

Зарина Райфова – 31-ші (550)

+78 кг

Гүлжан Исанова – 23-ші (798).


Қайрат ӘБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»