Қазақстан • 11 Сәуір, 2017

Бүгін еліміздің көп бөлігінде жел күшейеді

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жауын-шашын жауады, оңтүстікте және орталықта жаңбыр жауып өтеді. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік пен орталықта желдің күшеюі күтіледі, найзағай байқалады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін еліміздің көп бөлігінде жел күшейеді

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз найзағай жарқылдайды.

 Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

 Қарағаңды облысында күндіз кей жерлерінде найзағай байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерде тұман болады.

 Күндіз Ақмола, Алматы облыстарында желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде тұман байқалады.