Қазақстан • 11 Сәуір, 2017

Қытайда Димаштың костюмі 7 млн теңгеге сатылды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының бірінші кезеңінде киген сахналық киімі 158 890 юаньға (7,2 миллион теңге) сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайда Димаштың костюмі 7 млн теңгеге сатылды

Киім қытайлық mpaimai.jd.com ғаламтор сауда желісінде аукционға шығарылған. Бастапқы бағасы 188 юаньнан (8 500 теңге) басталған киімді сатып алуға 19 640 адам қатысып, 32 адам баға көтерген.

Қорытындысында киім 158 890 юаньға сатылып, жеңімпазға Iphone 6S телефоны сыйға тартылған.

Mpaimai.jd.com сайтының хабарлауынша, киімді Димаш 27 наурыз күні Шанхай қаласындағы 24-кезекті «China Top music Awards» шарасы кезінде аталмыш сайтқа тарту еткен. Ал сайт атақты әншінің киімін сатудан түскен қаражатты Қытайдағы балалар қорына аударып, көмекке зәру балаларға жұмсамақ. 

Соңғы жаңалықтар

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Академик, ұстаз тағылымы

Тағзым • Бүгін, 08:35