Естеріңізге сала кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 18 наурыз күні Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсқа (32-2, 29 КО) қарсы жекпе-жегін өткізген болатын. Онда отандасымыз 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.