KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 11 сәуірде, 1 АҚШ доллары 311,45 теңгеге теңесті.
Осылайша, кешегі сессиядан бері доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2 теңгеге дейін төмендеп отыр. Естеріңізге сала кетейік, теңге бағамының бұлай нығаюы ең соңғы рет 2015 жылдың 11 желтоқсанында болған еді. Ол кезде, желтоқсанның 10-нан 11-не қараған күні доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 309-дан 311,78 теңгеге көтерілген.
Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 55,87 долларға саудаланды. Бірер сағат бұрын ғана, Лондон қор биржасының кешкі сессиясында мұнайдың бағасы 56 доллардан асып, 6 наурыздан бергі ең қымбат көрсеткішке жеткен болатын.