Аталмыш Халықаралық жарыс еліміздің жас спортшыларына өз шеберліктерін шыңдап, әлемдік спорттық ареналарда биік белестерге жетуге мүмкіндік береді. Азия Дзюдо одағының күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған дүбірлі додаға шетелден 500-ге жуық спортшылар 8 салмақ дәрежесінде (ерлер: -55, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг; әйелдер: -44, -48кг, -52кг, -57кг, -63кг, -70кг, -78кг, +78кг) қатысады.
Қазақстан құрамасынан бұл сынға кадеттер арасындағы Әлем Чемпионы Айболат Ыстыбаев, Азия Чемпионы Дамир Болатбеков, қыздардан Азия Чемпиондары Перизат Қадірбекова, Ақмарал Науатбек, Камила Берлікаш және Нұрсұлу Ералиева Азия Чемпионатың жүлдегерлері нарынова Мөлдір мен Жарманова Нұржамал сынды еліміздің мақтан тұтар жас спортшылары қатысады.
Сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының бас хатшысы Мукеш Кумар мен Азия Дзюдо одағының спорт жөніндегі директоры Че Куонг Хон келетінін растады.
Жарыс «Халық-Арена» мұз сарайында күн сайын сағат 10.00-де басталады.
Ұйымдастырушылар: Спjрттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы, Алматы қаласы әкімдігі, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақстан Дзюдо федерациясы.