Аймақтар • 11 Сәуір, 2017

Атырауда телефон террорисі ұсталды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 сәуір күні 23 сағат 10 минутта облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Атырау қаласы Құнанбаев көшесі 28 үйде орналасқан супермаркетке жарылғыш зат қойылғаны туралы телефон қоңырауы келіп түскен.

Атырауда телефон террорисі ұсталды

Көрсетілген мекен-жайға арнайы қызмет өкілдері жедел жетіп, супермаркет қызметкерлері мен үй тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарды. Алайда тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмады. Хабарламаның жалған екені анықталды. 

- Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азамат ұсталды. Ол аталған үйдің ауласында ішімдік ішкен мас күйінде құқық қорғау қызметкерлерінің назарына іліккен. 1989 жылы туған азамат бұрын ұрлық жасап, сотталған. Кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Қазір ҚР ҚК 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - дейді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұқтарова.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан». 

АТЫРАУ. 



Соңғы жаңалықтар