Аймақтар • 11 Сәуір, 2017

БҚО Қаратөбе ауданында мал өліп жатыр

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінде бір айға жуық уақыттан бері белгісіз дерттен мал өліп жатыр. Ветеринариялық зертханаға зерттеуге әкелінген 26 патологиялық материалдың алғашқы нәтижесі белгілі болған.

БҚО Қаратөбе ауданында мал өліп жатыр

- Алғаш жеткізілген материалдың сараптамасы шықты. Ірі қара пастереллез ауруынан өлген. Осы аптаның соңына дайін басқа малдың да өлу себебі белгілі болады, - деді Батыс Қазақстан облыстық ветеринарлық басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов. 

Басқарма басшысының айтуынша, Қоскөл ауылдық округінде күні бүгінге дейін 6 ірі қара, 20 бұзау, 12 қой-ешкі, 23 қозы-лақ өлген.

- Қоскөлге арнаулы ветеринариялық топ жіберіледі. Мал ауруына байланысты арнайы шектеу енгізіледі, округ аумағынан бір де бір малды сыртқа шығаруға, ішке алып кіруге тыйым салынады. Бұл уақытша, 14 күндік шара. Ауру ошақтарында тиісті дезинфекциялау жұмыстары жасалған соң шектеу алынады,- деді Қазбек Тәшімов.

Дегенмен, аталған елді мекеннен хабарласқан тұрғындар жұқпалы аурудан қырылған мал саны әлдеқайда көп екендігін айтады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, 

«Егемен Қазақстан»

ОРАЛ

Соңғы жаңалықтар