Аймақтар • 11 Сәуір, 2017

Атырауда лаванда өсіріледі

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы бүгінге дейін 21 жобаны іске қосты. 15 жоба жүзеге асырылу сатысында. 12 инвестициялық жоба индустрияландыру картасына енгізілген.

Атырауда лаванда өсіріледі

Соның нәтижесінде аймақта тұрақты жұмыс орындары ашылып, 1370 га ауыл шаруашылығы алқабы айналымға қосылды. Соңғы екі жылда 5570 тонна мал өнімі, 86,8 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма төрағасы Абат Тасымов осындай деректерді келтірді.

Ал болашақтағы жоспарлар қатарында лаванда өсімдігін, канадалық бизон тұқымын және бекіре тұқымдас балықтарды өсіру бар.  1000 га жерге лаванда өсіріліп, бал аралары әкелінеді. 1,5 мың тонна балық өсірілетін аквақұрылым жасақталады. Сондай-ақ, қуаты 80 мВт-тық күн электр стансасы, жасыл шөп қалдықтарын қайта өңдейтін биогаз кешені, түйе мен жылқы сүтін жинақтап-өңдеу кешені, сүт тауарларын қаптау цехы алда атқарылар жұмыстар қатарында. «Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін жеке инвесторлар тарапынан 234 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуды көздеп отырмыз», дейді А.Тасымов. 


Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар