Қазақстан • 12 Сәуір, 2017

Ұлттық банк қызметі жөнінде кеңес өткізді

256 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк қызме­тінің қорытын­ды­лары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Прези­дент­тің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк қызметі жөнінде кеңес өткізді

Кездесу барысында Мем­лекет басшысына Ұлттық банк­тің 2016 жылғы қызметінің қоры­тын­дылары жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды.

Сондай-ақ, кеңеске Қазақстан Президентінің әлеуметтік-эко­но­микалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ә.Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Ұлт­тық экономика министрі Т.Сү­лейменов, Қаржы министрі Б.Сұл­танов және Ұлттық банк төр­аға­сының орынбасарлары қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев әлем­дік экономикалық дағдарыс жағ­­дайында Ұлттық банк пен елі­міздің қаржы жүйесі тұрақты жұ­мыс істеп жатқанын атап өтті.

– «Қазақстанның Үшінші жаң­­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауда Үкі­мет пен Ұлттық банктің алдына әлемнің дамыған 30 елінің қата­ры­на қосылу жөнінде міндет қо­йыл­ды. Ол үшін Оңтүстік Корея сияқты әлемнің бірқатар ел­дері­нің табыс­ты тәжірибесіне сүйе­ну қажет. Бірақ инфляцияны ке­зең-кезеңімен төмендету 3-4 пайыз дең­гейінде болуға тиіс, – деді Қа­зақ­­стан Президенті.

Елбасы қаржы секторындағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп отыр­ған, үнемі кездесетін қатер­лерге назар аударып, ұлттық эко­номи­­каны дамытудың қазіргі қар­қы­­ны жеткіліксіз екенін айтты.

– Бұл мәселені шешу үшін макроэкономикалық тұрақ­ты­лыққа, банк секторын сауық­тыруға және қор нарығын дамытуға ба­ғыт­­талған шаралар қабылдау қа­жет. Қойылған міндеттерді іске асы­­­руда Ұлттық банк басты рөл ат­­қа­рады, – деді Мемлекет бас­шы­­­сы.

Д.Ақышевтің мәліметіне сәй­кес, 2016 жылдың қорытындысы бо­йынша инфляция 13,6 пайыздан 8,5 пайызға төмендеген. Биылғы нау­рызда бұл көрсеткіш 7,7 пайыз болды.

– 2017 жылдың соңында инф­ляция деңгейі 7 пайызға жетіп, 2018 жылы одан әрі төмендейді деп жоспарлануда. Инфляция қар­қыны бәсеңдеп келеді. Айырбас ба­ға­мының аздаған ауытқулары орын алып отыр. Бұл ретте ол толы­ғы­мен негізгі факторларға тәуелді. Ұлт­тық банк тарапынан был­­тырғы қыркүйектен бастап ин­тер­­венция жүргізілмегенін атап өткен жөн, – деді Ұлттық банк төр­ағасы.

Нұрсұлтан Назарбаевқа 14 млрд АҚШ доллары көлемінде рекордтық мөлшердегі шетел инвестициясы келгені және еліміздің сыртқы қарызы азайғаны туралы мәлімделді.

Д.Ақышев Қазақстан Пре­зи­дентіне Ұлттық банк пен Ұлт­тық қор резервтерінің ахуалы, мо­не­­тарлық саясаттың іске асы­рылу барысы, валюта нары­ғы­ның жағдайы, банк секторы мен қор нарығының дамуы, Бі­рың­ғай жинақтаушы зейнетақы қоры­ның қызметі, банк көрсететін қыз­мет­тердің цифрландырылуы, сон­дай-ақ осы саладағы жаңа сын-қатер­лер туралы баяндады.

– Еліміздің банк секторын сау­ықтыру жөнінде шаралар қа­был­дауды тездету керек. Қажет бол­ған жағдайда, акционерлер өз банк­терін нақты ақша арқылы қай­­та капиталдандыруға тиіс. Сон­дай-ақ, олар әлсіз банктерді бірік­ті­руге бейімделуі тиіс, – деді Ел­басы.

Мемлекет басшысы ипо­те­калық қарыз проблемаларын қайта қар­жы­ландыру бағдарламасының іске асы­рылу мәселелеріне ерекше тоқталып, азаматтардың қар­жылық жауап­кершілігін арт­ты­рудың маңыз­дылығын атап өтті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Ақышев ұсынған есепті мақұлдап, бірқатар нақты тап­сырма берді.

– Үкімет пен Ұлттық банкке бұған дейін жүктелген міндеттерді шешу жөнінде келісілген іс-қимылдар әзірлеу тапсырылады. Отандық және халықаралық дең­гейдегі былтырғы тәжірибені ес­керіп, айырбас бағамы өзгеруінің түрлі жағдайындағы іс-қимылдың нақты алгоритмі пысықталсын. Экономиканы ұзақ мерзімге несие­леу көлемін арттыру мақсатымен шұғыл депозиттерді көбейту шаралары әзірленсін. Қор нарығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жандандырып, валюталық және ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жөнінде ұсыныстар енгізілсін, – деді Қазақстан Президенті.

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды


Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58