Қазақстан • 12 Сәуір, 2017

ЭКСПО қауіпсіздігін қамтамасыз ету − басты назарда

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің бі­рінші орынбасары Ас­қар Мамин ЭКСПО-2017-ге дайындық кезін­­де қауіпсіздік пен құқық­тық тәртіпті қамтама­сыз ету жөніндегі ведомство­аралық комиссияның (ВАК) көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

ЭКСПО қауіпсіздігін  қамтамасыз ету − басты назарда

Отырыс барысында қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге жа­уапты мемлекеттік органдардың басшылары жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

Қоғамдық тәртіп күзеті мен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, туындайтын мәселелерді шешіп, жедел басқару үшін бірқатар шаралар кешені қабылданып, арнайы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары ішінен жедел штаб пен жұмыс тобы құрылды.  

ЭКСПО-2017 аумағында полиция бөлімшесі мен көрмеге жақын маңда өрт сөндіру бө­лім­шесі ашылды. Көрменің ашыл­уынан бір ай бұрын Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы жұмысын бастайды.

Жалпы, қоғамдық тәртіп күзе­тіне 9 мыңнан астам құқық қорғау қызметкерлері жұмыл­ды­рылады. Сонымен қатар, көр­ме кешеніне кіреберістер метал­­ды-

детекторлармен, рент­ген-теле­визия қондыр­ғы­ларымен жаб­дық­талған. Осы жерде бейнеса­рап­тама, кескін-келбетті  анық­тау және келушілерді тіркеу жүйесі қолданылады.

Қаржы министрлігінің Мем­лекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып, көрме кешеніне әкелінген барлық жүк пен тауарларды мобильді инспекциялық-тексеру кешендерінің көмегімен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Көрме нысандарында ба­қы­лау жүргізіп, жедел әрекет ету мақ­сатында 2 мыңнан астам бей­не­бақылау камералары орна­тылған, ол Астана қаласы ІІД-нің Жедел басқару орталығына қосылған.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өт­кі­­зі­летіні белгілі. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бас­қар­ма төраға­сы Ахметжан Есі­мов ЭКСПО-ның негізгі нысаны −  халық­аралық павильонның пай­да­лануға берілге­нін мәлімдеді. 125 ел мен 21 ха­лықаралық ұйым көр­меге қаты­сат­ынын растады. 88 ел жұмысқа кірі­сіп кеткен, ал тағы 13 мемлекет алдағы аптада кірісетін болады.  

Ведомствоаралық комиссия отырысын қорытындылай келе, Премьер-Министрдің бі­рінші орынбасары А.Мамин ЭКСПО-2017 халықаралық ма­мандандырылған көрмесін өткізу бойынша үлкен дайындық және ұйымдастырушылық жұ­мыс­тарының жүргізіліп жатқа­нын атап өтті. Сонымен қатар, көрме қонақтары мен қатысу­шы­ларының қауіпсіздігін қамта­масыз ету басты назарда екенін айтты.

А.Мамин ЭКСПО-2017 көр­ме­сінің аумағындағы құқық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтермен танысты. Ол жа­ңа мамандандырылған өрт сөн­діру бөлімінде, «Есіл» ауданы ІІБ-нің полиция бөлімінде және Логистика орталығы мен  Қауіп­сіздікті қамтамасыз ету орта­лығында болды.


Соңғы жаңалықтар