Ортсайлауком төрағасы кездесуге қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясында және елдің сайлау органдарында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары – сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру және осы жылы өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының алдағы кезекті сайлауына дайындық.
ЕҚЫҰ бағдарламасының Астана қаласындағы офисінің басшысы өз кезегінде төрағаға кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Кездесуде, сондай-ақ, Ортсайлауком мүшелерінің 2017 жылғы мамырда Варшавадағы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ штаб-пәтеріне ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсынымдарын орындау мәртебесіне қатысты баруын ұйымдастыру, қазанда халықаралық конференция өткізу және қарашада халықаралық байқаушыларға арналған жыл сайынғы семинар-тренинг ұйымдастыруға байланысты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясы мен ЕҚЫҰ-ның сайлау заңнамаларын дамыту мен жетілдіру, Қазақстан Республикасында сайлау процесін демократияландыру саласындағы ынтымақтастық бағыттарын одан әрі ілгерілету жайы талқыланды. Кездесу соңында тараптар дәстүрлі серіктестік пен ынтымақтастық қарым-қатынастар келешекте де өзінің жалғасын табатынына сенім білдірді.