Қазақстан • 12 Сәуір, 2017

Сау болғың келсе, саумал іш

1184 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Еуразия Инвест ltd» компаниясы өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Сау болғың келсе, саумал іш

2016 жылдың күзінен бері қазақстандық нарықта SAUMAL® сауда маркасымен функционалды тамақ өнімі – құрғақ бие сүті пайда болды. «ЕуразияИнвест» компаниясы екі жылдан бері Қазақстан нарығында жаңа өнімді сәтті түрде саудаға шығарып отыр. SAUMAL® – бірегей, 100 па­йыз табиғи, диеталық және сауықтырушы өнім. Ол – сублимация процесінен өткен, бірақ пайдалы қасиеттерін сақтап қалған жаңа сауылған бие сүті. SAUMAL® құрғақ бие сүті функционалды тамақ өнімі ретінде дәрі немесе биологиялық белсенді қоспа болып саналмайды. Оны ұзақ уақыт бойы ішуге болады, ешқандай жанама кері әсері жоқ, ағзаға зиянын тигізбейді. 

Функционалды тамақ өнім­дерін қарапайым тамақтан ерек­шелейтін басты дүние – олардың ден­саулықты жақсартуға, ауру­лардың алдын алуға, кейде, тіпті жазылып кетуге себепші болуы. Консерванттар және бас­қа қоспалар қосылмаған толық­тай табиғи өнім бола тұра SAUMAL® жоғары биологиялық белсенділікке ие, бұл оның функционалды тамаққа жататынын дә­лелдейді. Құрғақ бие сүтіне амин қышқылдары, майлар, фер­менттер, микроэлементтер және дәру­мендер секілді адам ағза­сына қажет, дұрыс көлемдегі 40-тай био­логиялық компонент кіреді.

Бауыр ауруларының алдын алу және емдеуден кейін­гі кезеңдерде SAUMAL® өні­мінің оң ықпал ететіні расталып отыр. Бактерияға, қабы­ну­ға қарсы күресте, иммуни­тет­тің қалыптасып, күшеюіне көмек­теседі. Бие сүтін тұтыну­шы­лардың көптеген пікірі оның асқазан-ішек жолдарын емдеу­де тиімді екенін дәлелдейді. Өнімдегі антиоксиданттар жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу ықтималдылығын тө­мен­детеді. «Қажет көлемдегі дәру­мен-минералды құрамы ағзаға қаңқаның қатаюына көмектеседі, ал көмірсулар рационның энергиялық сыйым­дылығын арттырады, бұл денеге күш түскенде, сондай-ақ енді өсіп-жетіліп келе жатқан балалар ағзасы үшін оң әсерін береді», дейді «Евразия Инвест Ltd» директорының орынбасары Ғалымжан Мейрамбеков.

Айтпақшы, «Еуразия Инвест ltd»  – 2015 жылы жүзеге асқан ірі көлемдегі құрғақ бие сүтін өн­діру бойынша Қазақстандағы біре­гей жобаның жалғыз басқа­рушы компаниясы. Жоба бойын­ша компания активінде жыл бойы жеке жем-шөп қорын жи­науға мүмкіндік беретін 25 000 гектар жайылым жері бар. 1500-ден астам бие тәулігіне 4 000 литрге дейін сүт алып, өң­деуге, осылайша жылына 40 тоннаға дейін жоғары сапалы сублимацияланған бие сүтін өндіруге мүмкіндік береді. Неміс технологиясын енгізу өндіріс көлемі бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге, сондай-ақ шығарылатын өнім сапасының жоғары деңгейін бақылап отыруға жол ашқан.


Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»



Соңғы жаңалықтар