Қазақстан • 12 Сәуір, 2017

Табақтағы етке тапсырыс көп

694 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау – малды өңір. Кез келген аудан орталығына барсаңыз ұсақ және ірі қара мал түрлерін тірілей де, сойылған күйінде де сатып алуға болады. Ал, Ақтау қаласында ет сататын дүңгіршектер – сауда саласындағы басым нүктелердің бірі.

Табақтағы етке тапсырыс көп

Мал бағатындар үшін малдың етін өткізу қиынның қиыны. Ал, қаладағылар болса ақ-адал жолмен бауыз­далған, күйлі де сау малдың етін алғысы келетіні белгілі. Ақ­тауда осы екі қажеттілікті өтей ала­тын жаңа қызмет түрі пайда болды. Ол «Қа­зақы ет орталығы» деп аталатын орын. Мал арнайы халал жолымен сойылып, ғұсыл дәретпен, басына орамал таққан қыз-келіншектер пісірген етке сұраныс та көп екен. Кіреберісте қолға су құйылып, сүлгі ұсынылып, табақты келіндер сәлем салып алуының өзі қазақы ортаға қы­зығушылықты арттыра түседі. Тіпті, қазы-қар­­та, жал-жаясымен, қол­­дан дайындалған нан сал­­­ған етті астырып, үй-үйге тапсы­рыспен алдыратындар қатары көбейген. Бизнесін дамытып, әрі ұлт­тық асты насихаттауды қол­ға алған кәсіпкерлер сұраныстың көп екендігін, қазақтың ет асу өнерін және әрбір қазақ сүйіп жейтін етті ұлттық брендке айналдыруды мақсат етіп отыр. Ор­талыққа келген қонақтар, әсіресе, шетелдіктер қазақ­тың ет тағамын жеу­мен бірге, ұлты­мыздың салт-дәс­­тү­рімен, ән-күй, жыр-тер­ме тыңдап, қазақтың мәде­ние­тімен таныса түсетін болады. 

Орталықтан сүрленген ет, жаңа сойылған малдың еті, қой, сиыр, жылқы, түйе еті, қуырдақ және оның түрлері, қазы-қарта, жал-жая, бұжы, шұжық – бар­лығын табуға болады. Тұр­ғындардың бірқатары қазақ­тың ұлттық тағамын насихаттауда ұтымды жол десе, енді біреулері етті үйге асып әкеліп берсе, келіндердің «қолы ұзарып, жасайтын жұмыс таппай қала ма?» деп алаңдаулы.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы



Соңғы жаңалықтар