13 Сәуір, 2017

Ясауи мен Абай – қазақтың темірқазығы

1241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың мәдениет басқармасы, М.Әуезов атын­дағы ОҚМУ-дің гума­ни­тарлық зерттеулер институты, «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен кон­фе­рен­цияның алдында көр­некті ғалым еңбектері жи­нақталған мүйіс ашылды.

Ясауи мен Абай –  қазақтың темірқазығы

Дана Абайдың жұмбағы көп, сыры терең, мәні мәң­гілік мұраларын зерттеу­­де ғұлама Мұхтар Әуе­зов көшін бастаған абайта­ну­шылардың дәл қазіргі кезде белді де беделдісі, дәстүр жал­ғастығы мен көш тізгінін қолға ал­ған Мекемтас Мыр­зах­мет­ұлы екендігі анық. «Абай­тану тарихы» атты құн­ды еңбегінде ғалым абай­танудың тұтас картинасын жасайды.

Мекемтас Мырзахмет­ұлы­ның ең­бек­терінің ғы­лы­ми құн­ды­лығын оқыр­ман қау­ымға кеңінен на­сихат­тау үшін өткізілген конференция­ны жазушы Мархабат Байғұт жүргізіп отырды.

«Абай жүрген ізбенен» ат­ты конференцияда «Абай­­ды Шығыспен бай­­­­­­ла­­ныс­тыра зерттеуші – М.Мыр­зах­­­метұлы», «Абай­­дың адам­­­гер­шілік ілі­мі – М.Мыр­зах­метұлы зерт­теу­­­лерінде», «Ме­кем­­­­­­тас ғы­лымының би­і­гі», «Бау­ыр­жантану ғы­лы­­­­­­­мы­ның негізін салушы» де­ген та­қы­рыптар бойынша баян­­­­дамалар тыңдалды.

Конференция барысында қазақ ғылымының ірі тұл­ғасын сөзге тарттық.

− Түркістанда Ясауи атын­дағы ХҚТУ-дің қа­зы­­ғы қағылғаннан кейін уни­­­­вер­ситетке жұмысқа ша­­­­­­­қы­рылдым, – деді Ме­кем­тас Мырзахметұлы. – Рек­­­торатта менен Ясауи тура­лы сұрады, шынымды айтсам, өзім бі­лің­кіре­мей­ді екенмін. Өйт­кені, Ке­ңес өкіметі қа­зақты бі­­­рік­тірмей, тоз-тоз ету үшін Ясауиды жамандап, ман­­­сұқтап тастаған. Кейін шәкірттеріммен толық зерт­­теп, кітабын шығар­дық. Байқағанымыз, Ясауи − қа­зақты ешқайда адас­тыр­­­мас темірқазығы екен. Ясауи мен Абай барда қа­зақ аман болады. Кейінгі ұр­пақ осыны білуі керек.

Қазақ мүддесі үшін от пен суға түсіп, адал­ды­ғы­нан айнымайтын көр­некті ғалым осылай дейді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы



Соңғы жаңалықтар