Парламент • 14 Сәуір, 2017

Мектеп спорты – саламатты өмірдің баспалдағы

280 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдады. Ол өз сауалында өскелең ұрпақ денсаулығының қо­ғамды алаңдатар тұстарын ескеру қажеттігін айтып, ел Үкі­метін спорт секцияларын бюджеттік емес қаржы көздерінен қар­жы­лан­ды­рудың тетіктерін енгізуді қамтамасыз етуге шақырды. Ал сауалға көз салсақ, онда былай делінеді:

Мектеп спорты – саламатты өмірдің баспалдағы

«Ресми статистикаға сүйенетін бол­сақ, мектеп түлектерінің 80 пай­ызға жуығының ден­сау­лық­та­рын­да түр­лі ауытқулар болса, біраз бө­­лі­гі­нің ішім­дікке әуес екені, ал ке­­лесі бі­реу­ле­рі­нің есірткі мен те­ме­­кіге тәуелді еке­ні анық­­тал­ған. Бұл – әлеуметтік-эко­но­ми­ка­­лық қи­ындықтардың ғана емес, со­ны­мен қатар, жастардың бос уа­қы­тын ұйымдастыра алмай, алтын уақыттарын ерігумен өт­кі­зіп, саламатты өмір салтын ұс­тан­­бау­­ының салдары. Бүгінде де­рек­көз­дердің мағлұматы бойынша жастарымыздың 30 пайызға жетер-жетпес бөлігі ғана дене шынықтыру жә­­не спортпен тұрақты айналысса, да­мыған мемлекеттерде бұл көр­сет­кі­ші 70 пайызды құрайды екен.

Осы орайда, 2012 жылдың өзін­де Елбасы «Қазақстанның әле­у­меттік жаң­ғыртылуы: Жалпыға Ор­тақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қа­дам» бағ­дар­ла­масында: «Егер біз Қазақстандағы өмір жасы Еу­ро­падағыдай болғанын қаласақ, он­да өзіміздің денсаулығымыз ту­ра­лы ойлануға тиіспіз. Әрбір елді ме­­кенде, соның ішінде ауылдық жерлерде, сондай-ақ, әрбір мекемеде белсенді демалысты, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту үшін бірте-бірте жағдай жасау жөн. Елдің оқу орындарында дене тәрбиесінің оқудан тыс сабақтары мен секцияларын кеңейту керек», – деп атап өткен болатын.

Үкіметтің 2007 жылғы 29 жел­тоқ­­сандағы қаулысына сәйкес, де­не­шынықтыру мұғалімдері са­бақ­тан тыс секциялар жүргізгені үшін айы­на 7 мың теңгеден сәл ғана астам үс­те­ме ақы алатын еді. Оның өзі де білім беру мекемелерінің тек жартысын ғана қамтитын. Бұл көлге тамған көз­дің жасындай аз ғана тиын-тебен қан­дай маманның қай жыртығына жа­мау болады. Егер оқушылардың қалыпты жат­ты­ғуы жұмасына үш рет болады деп есептесек, бір сабағы үшін жат­тықтырушы 583 теңге алады екен. Осы болмашы қаражат күн­де, үш сағатқа жуық сабақтан тыс жұ­мыс істеуге, күш қуаты бойында, от­басын асырап отырған азаматты қы­зықтыра ма деген сұрақ туа-

ды. Естеріңізге сала кетейін, бүгінде бір баланың бір сағаттық репетициясы 2000 теңге көлемінде болса, кәсіби бір жаттығу құны 5000 теңгеден бас­талады.

Анығында, бізге өз сенімсіздігін же­ңе алатын, ащы терді төге білетін, сынақтардан сынбай өтетін жастар ке­рек. Ал оған жол ашатын жер, Елбасы атап өткендей, мектеп спорты. Осыған байланысты, жоғарыда ай­тылғандай, арада бақандай 5 жыл уақыт өтсе де, өскелең ұрпақ ден­сау­лығының қоғамды алаңдатар тұс­тарын ескере отырып, Үкіметтің «2012 жылдың соңына дейін оқу­шы­лар үшін оқудан тыс спорт секция­ларын бюджеттік емес қаржы көз­дерінен қаржыландырудың те­тік­те­рін енгізуді қамтамасыз етсін» де­ген Елбасының тапсырмасына қайтып оралуын сұраймыз».


Соңғы жаңалықтар