Әлем • Бүгін, 15:10

«Артемида-2» миссиясы: Ғарышкерлер Айға жақындап қалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Артемида-2» миссиясына қатысушы астронавттар Жерден алыстап, Айға бұрынғыдан да жақындай түсті. Қазіргі уақытта Orion ғарыш кемесі Айдың гравитациялық әсер аймағына еніп, енді оны Жерге қарағанда Ай күштірек тарта бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Артемида-2» миссиясы: Ғарышкерлер Айға жақындап қалды

Бұл – миссияның маңызды кезеңдерінің бірі. Алдағы уақытта экипаж Айдың арғы бетімен ұшып өтеді. Дәл осы сәтте байланыс уақытша үзіледі, шамамен 40 минут бойы ғарыш кемесімен Жер арасындағы радиобайланыс болмайды.

NASA ғарышта iPhone пайдалануға ресми рұқсат берді

Мамандардың айтуынша, бұл құбылыс қалыпты жағдай, өйткені Айдың арғы беті Жермен тікелей байланысқа кедергі келтіреді. Осы уақыт ішінде барлық жүйелер автономды режимде жұмыс істейді.

«Артемида-2» – NASA жүзеге асырып жатқан Айды зерттеу бағдарламасының маңызды кезеңі

Бұл миссия барысында астронавттар Айды айналып ұшып, кейін Жерге оралады. Жоба болашақта адамды Ай бетіне қайта қондыруға бағытталған үлкен бағдарламаның бір бөлігі саналады.

Соңғы жаңалықтар