Қазақстан • 19 Сәуір, 2017

Келешек дамуға қажетті бағдарлар берілген

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Келешек дамуға қажетті  бағдарлар берілген

– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен танысып шықтым, онда елдің келешек дамуына қажетті бағдарлар берілгенін сенімді айта аламын.  Өзім ғылым мен білім беру саласының өкілі болғандықтан, Қазақстан басшысының әлемнің дамыған 30 елі қатарына кірудің маңызды факторларының бірі ретінде білім беру мәселесін ерекше назарға алуы ойымнан шықты. Нұрсұлтан Назарбаев әрбір азамат өзінің күш-жігері, білім алуға деген құлшынысы, өзін-өзі дамыту арқылы алға қойған мақсатына қол жеткізе алатынын атап өтеді. Қазіргі уақытта қарым-қатынастың заманауи технологияларын, шет тілдерін меңгеру міндетті талап болып отыр, осы арқылы әрбір адам тың ақпарат алып, басқалардың тәжірибесін үйренеді және алған білімі мен жинақтаған тәжірибесін өз елі үшін сарп етеді. 


Славко Вукша,
«Альфа БК Универ­си­тет» ректоры, Сербия