29 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 157

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 18 ақпан  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Респуб­ликасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 520-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс­ты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына (Қазақстан Республи­касының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген қалаара­лық және (немесе) халықаралық телефон бай­ланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсын­ғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларында: «Төлемақының жылдық ставкалары, %» деген бағандағы «1,35703» деген сандар «1,24557» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.