Бокс • 19 Сәуір, 2017

​Головкин мексикалық боксшы Рамиреспен жұдырықтасуы мүмкін

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хильберто «Зурдо» Рамирес (34-0, 24 KO) пен орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жекпе-жегі өтуі мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

​Головкин мексикалық боксшы Рамиреспен жұдырықтасуы мүмкін

«Головкинмен қолғап түйістіруіміз мүмкін. Ол менімен, мен онымен жұдырықтасқым келеді. Жекпе-жегіміз осы жылдың соңында немесе келер жылдың басында өтуі мүмкін. Мен pound-for-pound-та үздік болғым келеді. Жанкүйерлеріме, әлемге «Зурдо» Рамирестің кім екенін көрсеткім келеді. 

Жеңілмейтін боксшы болмайтынын, шаршы алаңда бәрі мүмкін екенін көрсетемін. Алдымен, 22 сәуір күні Макс Баурсакты жеңуім керек. Ары қарай не боларын көреміз», – деді Рамирес.

Айта кетейік, «Зурдоның» промоутері Боб Арум Головкиннің командасымен келіссөздер өткізгенін мәлімдеді.