Жазғы спорт • 23 Сәуір, 2017

Алматыдағы марафон ауқымын кеңейтіп келеді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Еліміздің оңтүстік астанасында айтулы шара, ауқымды марафон өтіп жатыр.

Алматыдағы марафон ауқымын кеңейтіп келеді

Алматыда осымен 6-шы рет өткізіліп отырған қайырымдылық марафонына қатысушылар саны бұрынғыдан тіпті де арта түскен. Қатысушылардың басым бөлігі кәсіби спортшылар емес, көпшілігі марафонға қызығушылығы бар, өзінің денесін шынықтыру үшін қатысатындар. 

Марафонның ашылуында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатынасып, бұл марафонның бұқаралық спортты дамытуда маңызы зор екенін атап өтті. Қатысушылар арасында өнер, спорт жұлдыздары да бар. Марафон басталар алдында түрлі компаниялар, фирмалар, университеттер, қоғамдық бірлестіктер өздерінің акцияларын өткізіп, командаларын таныстырды. Алматылық ЖОО студенттері Экиден-командалық марафонына тіркелді. 

Биыл марафонға әлемнің 38 елінен 13 000-нан астам адам жазылыпты. Осылайша игі дәстүрге айналған бұл марафонның ауқымы жыл санап кеңейіп келеді.

Соңғы жаңалықтар