Қазақстан • 23 Сәуір, 2017

ШҚО Глубокое ауданында 34 тұрғын қайықпен қауіпсіз жерге көшірілді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары Глубокое ауданының Жаңа Үлбi ауылының 34 тұрғынын (оның сегізі - балалар) қайықпен қауіпсіз жерге көшірді. Төрт тұрғын көшуден бас тартқан көрінеді.

ШҚО Глубокое ауданында 34 тұрғын қайықпен  қауіпсіз жерге көшірілді

Кеше тоқтаусыз жауған жаңбырдан Үлбi өзенінің су деңгейі көтеріліп, ернеуiнен асып кеткен болатын. Департамент мамандары 14 аула аумағын су басқанын, оның төртеуi жеке меншiк үй,  оны саяжай учаскелері екенін айтады.

Өзен үстіндегi көпірді де су басып кеткендiктен тұрғындар өзеннің арғы бетіне құтқарушылардың көмегімен қайық арқылы өтуде.

Оқиға орнына ШҚО төтенше жағдай департаментінің басшысы Нұрлан Мадияров пен Глубокое ауданының әкімі, облыс әкімдігiнен өкілдер келіп, жағдайды бақылауға алған. Зардап шеккендер жоқ. "Шағын Үлбi өзені. Таулы Үлбi" су бекеті қызметкерлерінiң таратқан мәліметтеріне сүйенсек, бiр тәулікте өзендегi су деңгейі 94 сантиметрге көтерілген. 

Азамат ҚАСЫМ, "Егемен Қазақстан"

Шығыс Қазақстан облысы
Суреттер облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен алынды.


Соңғы жаңалықтар