Әлем • 24 Сәуір, 2017

Франциядағы президенттік сайлауда әсіре оңшыл кандидат екінші турға өтті

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кандидаттардың ешқайсысы 50% дауыс жинамағандықтан, сайлау жеңімпазы 7 мамырға белгіленген екінші турда анықталады.

Франциядағы президенттік сайлауда әсіре оңшыл кандидат екінші турға өтті

11 үміткер ішінен қазіргі таңда төртеуінің басымдылығы жоғары, деп жазады BBC. 

Сайлау учаскілерінің берген мәліметінше, центрист Макрон 23,7%, әсіреоңшыл Ле Пен 21,7% дауыс жинаған. 

Айта кетейік, Эммануэль Макрон экономика министрі лауазымын атқарған. Сарапшылардың пікірінше, Макронның елдегі саяси тұрақтылықты қалпына келтіруге мүмкіндігі мол. Осы себепті де оны саяси элита қолдап отыр. Бірінші кезеңнің аяқталғанынан кейін Франс-пресс агенттігіне берген сұхбатында Макрон елдегі саяси өмірдің өзгеретінін мәлімдеді. 

Ал әсіресолшыл Жан-Люк Меланшон мен "Республикашылдар" партиясы атынан үміткер Франсуа Фийон шамамен 19% дауыс жинады. Дегенмен, екінші турға өткеніне қарамастан, Франсуа Фийон өзінің жеңілгенін мойындап, халықты Эммануэль Макронға дауыс беруге шақырды. 


Соңғы жаңалықтар