Осыған орай, депутаттар назарына жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасы екінші оқылымда ұсынылмақ.
Сондай-ақ, осы күні бірқатар ратификациялық заң жобалары талқыланатын болады. Олар 1996 жылғы 18 қазандағы Ресеймен темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы және Қырғыз Республикасымен реадмиссия туралы келісімді және оны іске асыру тәртібі туралы үкіметаралық атқару хаттамасын ратификациялауға қатысты болмақ.
Жалпы отырыста Қырғыз Республикасымен еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы үкіметаралық келісімді, Сербиямен сотталған адамдарды беру туралы және ұстап беру, сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялауға байланысты заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.
Бюро отырысында 3-5 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысын өткізу туралы мәселе де қаралды.