Қазақстан • 24 Сәуір, 2017

​CCTV Димаш Құдайберген туралы арнайы хабар таратты (видео)

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қытайдың CCTV орталық телеарнасы «Димаш - бір белдеу, бір жолдың музыкалық елшісі» атты арнайы хабар таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

​CCTV Димаш Құдайберген туралы арнайы хабар таратты (видео)

5 минутқа созылған хабарда, Димаштың туған жері, шығармашылық жолы, жетістіктері сөз болды. Сонымен қатар, Димаштың өнері туралы белгілі музыкатанушылардың пікірі берілген.

«Шынымен ғажайып, ешбір техникасыз адамдың көмейінде осындай дауыс болатынын бірінші рет көріп тұрмын. Музыканың құдіреті осында, ол тілге, шекараға бөлінбейді», - дейді қытайлық белгілі музыкатанушы Суң Хы. 

«Күллі әлемге қазақтың әнін, елін танытқым келеді. Қазақстан мен Қытайдың ынтымағы нығая түскенін қалаймын», - дейді телеарнаға берген сұхбатында Димаш Құдайберген.


Соңғы жаңалықтар