Қазақстан • 25 Сәуір, 2017

Сербия – сенімді серіктесіміз

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Белград қаласында Қазақстанның елшісі Нұрбах Рүстемовтің Сербияның жаңадан сайланған Президенті Александр Вучичпен кездесуі болды. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сербияның екіжақты ынтымақтастығының келешегін, күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді талқылады.

Сербия –  сенімді серіктесіміз

Кездесуде А.Вучичке Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан На­з­ар­баевтың биылғы 2 сәуірде Сербияда болған пре­зиденттік сайлауда жеңіске же­туі­не орай құттықтау хаты тап­сы­рылды.

Қазақстандық дипломат сұх­баттасушысын Пре­зи­­де­нт Н.Назарбаевтың «Қазақ­с­тан­­ның Үшінші жаң­ғы­руы: жа­һандық бәсекеге қа­бі­лет­ті­лік» атты Жолдауында ба­ян­­­далған елі­міздің даму ба­сым­дық­та­ры­мен егжей-тегжейлі та­ныс­тыр­­ды, аталған құжаттың се­рб тіліндегі мәтінін табыстады, сондай-ақ, конституциялық ре­форманың қорытындысымен жә­не Мемлекет басшысының «Бо­­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламалық мақа­ла­сының негізгі тезистері туралы хабардар етті.

А.Вучич өткен жылы Қазақстан Президентімен бол­ған кездесуі туралы жылы лебі­зін білдірді. Ол 2016 жылғы қара­шада Астанада ресми сапар­мен болған кезінде Қазақстан ел­ордасының даму қарқынына кө­ңілі толғанын атап өтті.

Президент Н.Назарбаевтың сындарлы саясаты Қазақстанды бе­делді әрі халықаралық қо­ғам­дастыққа танымал етуді қам­та-

м­а­сыз еткені атап өтілді. Бұдан бө­лек, Сербияның Қазақстанды өзі­нің өңірдегі маңызды әріптесі ре­тінде қарастыратыны және өза­ра тиімді негізде ұзақ мерзімді қа­рым-қатынастарды белсенді түр­д­е дамытуға мүдделі екені сөз болды.

Сонымен қатар, Н.Рүстемов Сербияның іс басындағы Пре­зиденті Томислав Николич­пен­ кездесті. Кездесуде сұх­бат­тас­тар екіжақты ынты­мақ­тас­тық­тың өзекті мәселелерін, Қазақстанда болып өткен кон­сти­туциялық реформа қоры­тын­дыларын, Президент Н.Назар­баевтың «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қа­білеттілік» атты Жол­дау­ы­ның негізгі ережелері мен «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғы­ру» бағдарламалық мақа­ла­сын талқылады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024