Аймақтар • 25 Сәуір, 2017

​Қостанай облысында 5 жұмыс берушінің биылғы жалақы қарызы 58,9 млн теңге

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дағдарысқа қарсы штаб отырысында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев өткен жылдың аяғында кәсіпорындардан жұмысшылардың 680 миллион еңбек жалақысы өндірілгенін, 13500 еңбеккердің құқығы қорғалғанын мәлімдеді. Алайда еңбек қарызынан қорықпайтын кәсіпорындар да жетеді.

​Қостанай облысында 5 жұмыс берушінің биылғы жалақы қарызы 58,9 млн теңге

Жыл басынан бері облыстағы бес кәсіпорынның жұмысшылары алдындағы жалақысының көлемі 58,9 миллион теңгені құраған. Көптеген кәсіпорындар жұмысшылардың зейнетақы жарналарын, әлеуметтік, салық төлемдерін аударуға асықпайтынын айтты. Олардың қатары бүгінде елуден асқаны да анықталған. 

Облыс прокуроры міндетін атқарушы Асхат Ыбыраевтың айтуынша, жыл басынан бері 365 адам кәсіпорынның бітпейтін банкроттығынан өзіне тиісті жалақысын ала алмай жүр. Ол Кіріс департаментіне мұндай кәсіпорындар жұмысшыларына жалақы қарызын сол кәсіпорын мүлкімен немесе заттай беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Отырыста кейбір жұмыс берушілер кәсіпорынды қасақана банкрот жасауға ұмтылатыны айтылды.

Сонымен қатар облыста жұмыс берушілермен 6000 меморандум жасалған, олар 165000 жұмысшыны қамтиды. Алайда олардың барлығы бірдей меморандум шартын орындай бермейді. Отырысты жүргізген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов кәсіпорындарда ұжымдық келісім шарттың жасалуын ұсынды. «Ұжымдық келісім-шартты орындамаған жұмыс беруші заң алдында жауап береді» деді Архимед Бегежанұлы.

Сонымен қатар, облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне қарызы бар кәсіпорын басшыларынан жұмысшылардың жалақы қарызын қайтаруы туралы есеп алуды, тиісті басқармалардың оларға шара қолдануын тапсырды.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай 








Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024