Жоба шарттарына сәйкес, қала әкімдігі апатты үйлердің тұрғындарын аудандары бойынша бірдей жаңа пәтерлерге көшіруді жүргізуде.
Елордалық Тұрғын үй басқармасының мәліметтеріне сәйкес, құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелерінің тозу деңгейі жоғары, 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер бұзуға жатады.
2017 жылдың соңына дейін 228 апатты құрылысты бұзу жоспарланған, соның ішінде «Сарыарқа» ауданы бойынша - 129 үй, «Алматы» ауданында - 78, «Есіл» ауданында - 21 үй. Көшірілетін азаматтардың жалпы саны 3500-ден аса отбасыны құрайды.