Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

​Петропавлда ерлі-зайыптылар суға батып кете жаздады

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдық ерлі-зайыптылар тасқын судың қауіптілігі туралы ескертулерге қарамастан саяжайға барып, жер күтімімен айналысқан.

​Петропавлда ерлі-зайыптылар суға батып кете жаздады

Қайтар жолда резеңке қайықпен жүзіп келе жатып, суға батып кете жаздаған. Құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Черкасовтың қырағылы арқасында көмек дер кезінде жетіп, аман қалған. Зардап шеккендердің жүзу құралы су түбіне кеткен. Кейін оның зақымданғаны анықталды. 

Өкініштісі сол, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау жайлы қанша ескертілсе де, талапқа құлақ аспаушылар кездесіп қалып жүр. Оның ақыры қайғылы жайттарға соқтыруы әбден мүмкін.

Өмір Есқали
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы. 

Соңғы жаңалықтар