Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

​Оңтүстік Қазақстанда «Отбасы – бақыт мекені» атты форум өтті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық білім баcқармасының ұйымдастыруымен жастар орталығында осы тақырыпта облыстық ата-аналар форумы болып өтті.

​Оңтүстік Қазақстанда «Отбасы – бақыт мекені» атты форум өтті

Бала тәрбиесін жетілдіруге бағытталған игілікті шараға өңір ата-аналары мен тәрбие әдіскерлері, сынып жетекшілері қатысып, отбасы құндылықтарын талқыға салды. 

Форумға жиналған жұртшылық бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді қызу талқылап, ата-аналар кеңесінің жұмысына көңіл бөлді. Әрбір мектеп базасында «Отбасы орталығын» ашу қажет екенін айтты.

«Форумда өзекті мәселелерді көтердік. Бала – болашағымыз. Біз балаларды қалай тәрбиелесек, болашағымыз сондай болады. Ұқыпты еңбекқор адам жеміс өсіреді. Жалқау адам арам шөп өсіреді. Ал ақылды данышпан адам елді өсіріп, бейбітшілік орнатады. Баланы бес жасқа дейін ерекелетіп өсіріп, бестен кейін еңбекке баулу қажет. Баланың өсіп жетілуі әрине, ата-анаға көбірек байланысты», – дейді ата-аналар кеңесінің төрайымы Сапаркүл Омашева.

Облыстық ата-аналар форумына қатысушылар Елбасы мақаласын да талдап өзекті ойларымен бөлісті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар