Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

​Каспий теңізінің жағасынан 243 өлі итбалық табылды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізінің Ақ Кетік қаласы жағалауынан 243 өлі итбалық табылды. Қазіргі таңда оқиғаға орай құрамын арнайы мамандар кірген комиссия құрылып, оқиғанының себебін анықтауға кірісті.

​Каспий теңізінің жағасынан 243 өлі итбалық табылды

Өлі итбалықтардың кейбір дене мүшелері тексеру үшін Алматыдағы зертханаға жіберілген. Алайда, мамандар өлекселер иістеніп бұзылып кеткендіктен, нақты байламға қол жеткізуге қиындық туғызады, дейді. 

«Итблықтардың өлу себебін дәл қазір айту мүмкін емес. Мамандар судан және ауадан сынамалар алды. Егер мүмкіндік болып жатса, өлі итбалықтардың ткандеріне талдау жасалады», – дейді Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары Қ.Ашахов.

Ал тәуелсіз экологтар мен Маңғыстау облысы балық шаруашылығы бөлімінің мамандары итбалықтардың жаппай өлуі браконьерлік торлардан болуы мүмкін десе, біреулері табиғи өлім деп топшылауда.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар