Медицина • 28 Сәуір, 2017

​Өнер адамдарына жігер береді

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Халықтың сенімін арқалаған Елбасымен бірге 25 жылды абыроймен еңсеріп, ертеңге деген үлкен үмітпен қараймыз. Сіздің әрбір жаңа бастамаңыз біздерді болашаққа нық сеніммен жетелей түсуде. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы – ел ертеңі мен ұрпақтар сабақтастығы үшін жасалар игі істерге атсалысуға әрқашан әзір.

Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаңыз біздерді, өнер адамдарын шабыттандырып, жігерімізді тағы да қамшылай түсті.  Жаңғыру жөніндегі осынау сарабдал ойларыңыздың маңызын терең түсіне отырып,  ХХІ ғасырдағы жаһандық үдерістерге сай өмір сүру үшін заман ағымына бейімделе отырып, өзгеру мен дамуға деген бастамаңызға бірауыздан қолдау білдіреміз. 

Құрметпен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ж.СЕЙДУЛЛАҰЛЫ


Жанымызды ерекше тебірентті

Қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаңызды газеттен оқып зор қуанышқа ие болып отырмыз. Әсіресе, оның ішінде туған жерге деген махаббат өнер адамдарына ерекше әсер ететіні сөзсіз. Сол мақаланың ішінде «Туған жерін сүйе алмаған, Сүйе алар ма туған елін», деген өлең жолдары біздің жанымызды ерекше тербеді.

Сол сияқты латын әліпбиіне көшу идеясын да шын жүректен қолдаймыз. Осындай  мағынасы терең сарабдал ойлардан қуат алған өнер адамдары еліміздің мәдени-рухани байлығын одан әрі асқақтата береді. Әндерін жаза береді.

Сізге амандық, саулық тілейміз.

Құрметпен, Қазақстан Республикасының халық әртісі

Ескендір Хасанғалиев,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Біржан Хасанғалиев


Мәңгілік Елге бастайтын дара жол

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаңызды қызу қолдаймыз. Елді рухани жаңғыру жолындағы салиқалы ойларыңыз бен жүктеген міндеттеріңіз – Мәңгілік Ел болуға апаратын тікелей дара жол. Сондықтан Сіздің еліміздің тыныштығы мен өнегесі озық өркениетті елдер қатарына қосу жолындағы жанқиярлық еңбегіңізге толымды табыс тілейміз.  

Риясыз құрметпен, Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік Орталық музей ұжымы


Соңғы жаңалықтар

Жолашар тың бағыттар

Пікір • Бүгін, 09:55

Екібастұздағы алып мұржа

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30