Аймақтар • 02 Мамыр, 2017

​Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі «Үздік теміркені шикізатын жеткізуші» атанды

968 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Магнитогорск металлургия комбинаты (ММК), Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің басты серіктесі, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ERG Sales, Еуразиялық топтың қазақстандық кәсіпорнын «Теміркені шикізаты» номинациясында «Үздік жеткізуші» деп танып, оған арнайы Құрмет дипломын табыс етті.

​Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі «Үздік теміркені шикізатын жеткізуші» атанды

ССКӨБ тарихы Магнитогорск металлургия комбинатымен тығыз байланысты. Бүгінде ТМД мен Ресей кәсіпорындарының ең ірісі болып саналатын Магнитогорскінің металлургия комбинатына, ССКӨБ алпыс жылдан астам уақыт өзінің теміркені шикізатын үзбей жеткізіп келеді. Бұл күрделі дағдарыс кезеңінде де бұзылған жоқ. Осындай өзара әріптестіктің нақты дәлелі ретінде 2016 жылдың желтоқсанында жасалған «Магнитогорск металлургия комбинаты» (ММК) ААҚ мен Eurasian Resources Group (ERG) арасындағы кезекті стратегиялық келісім-шартты айтуға болады. Екі жақ шекемтас пен концентратты қосқанда 30 млн теміркені шикізатын ССКӨБ «ММК» ААҚ-на 2020 жылдың аяғына дейін жеткізіп тұратындығы туралы келісімге келген болатын. Бұл соңғы уақыттағы ең ірі келісім-шарт болып табылады. 

« Жылдың үздік жеткізушісі атану – өте құрметті атақ. ССКӨБ ММК тұрақты әрі сенімді жұмысын бағалайды және өзара тәжірибенің артуының тамаша мүмкіндігі мен іскерлік байланыстардың нығая түсетіндігіне сенеді. ССКӨБ мен ММК-ның еңбектегі ынтымақтастығы – тау-кен өндірісінің бірыңғай тиімді технологияларын құруда басқаларға үлгі болады. Ресей мен Қазақстанның металлургия және тау-кен саласының жетекші кәсіпорындары үшін ең маңыздысы, тұрақты жұмысын одан әрі де жалғастыра беру деп үміттенеміз» деді «ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

РУДНЫЙ