Спорт • Бүгін, 11:55

«Спартак» тағы да жеңілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу қаласында аралас жекпе-жектен АСА 200 турнирі өтті. Бұл жарыста Артем Резников (26-10) Юсуп Зубариевпен (15-3-1) күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Спартак» тағы да жеңілді

Кезінде жеңіл салмақта аталған лиганың ең мықты спортшыларының бірі саналған «Спартак» қазіргі кезде сүреңсіз өнер көрсетіп жүр. Соңғы екі жылда ол алты рет октагонға шығып, сол бәсекелердің төртеуінде мерзімінен бұрын ұтылды.

Сулумов жекпе-жекке шығудан бас тартты: АСА лигасы «Спартакқа» жаңа қарсылас іздеп жатыр

Былтыр күзде Алматыда өткен жарыста бразилиялық Рауш Манфионы есінен тандырғаннан кейін Артем енді еңсе тіктейтін шығар деп ойлағанбыз. Бірақ олай болмады. Ресейдің астанасында «Профессор» деген бүркеншік есіммен танылған Юсуп Зубариев жерлесімізді сабап тастады. Отандасымыз соңғы раунқа дейін шыдағанымен төрешілер жеңісті бір ауыздан қарсыласына берді.

 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55