05 Мамыр, 2011

«Егеменде» жазылған өнертабыс үздік шықты

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК, Білім және ғылым, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерімен бір­лесіп, өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің 8 респуб­ликалық «Шапағат-2011» байқауының жеңімпаздарын анықтады. Еуразиялық патенттік ұйы­мы­ның президенті А.Григорьев­тің қатысуымен үздік өнерта­быс­тар­ды марапаттау рәсімінен кейінгі өткен баспасөз мәслихатында түр­лі номинациялар бойынша жеңім­паздардың есімдері баршаға мә­лім болды. Осымен 8-ші рет өткізіліп отыр­ған республикалық «Шапағат» кон­курсына қатысқан жобалар елі­міз­дің зияткерлік саладағы әлеуе­тін көрсет­кендей. «Бәйгеге әркім­нің ақ бар тала­сы» дегендей, кон­курсқа қатыс­қан жобалардың ішінде өн­діріс пен ғылымның әр бағы­тын да­мытуға сүбелі үлес қоса­тын­дай жұ­мыс­тар­дың қарасы да мол көрінді. Мысалы, Кристалды кремнийді бал­қытуға ар­налған тотық­сыз­дандырғыш «КАР­БОНИЗАТ РЕКСИЛ», «Құмы көп мұнайды өндіру тәсілі және оны жүзеге асы­руға арналған құрылғы, «Адам­ның кіндік/кағанақ қанынан және сүйек миынан гемопо­эти­ка­лық діңгекті жасушаларды бөліп алу мен өсіру тәсілі» тәрізді атауы­ның өзі күр­делі жұмыстар баршы­лық. Алайда, «Жүйріктен жүйрік озар жа­рыс­қанда» дегендей, солар­дың іші­­нен 3 өнертабыс «Жылдың өнер­табысы» деген жоғары мара­патты иеленді. В.Харченко ойлап тапқан аяққа арналған ортопе­дия­лық аппаратқа, жыл басында «Егемен» жазған А.Салғариннің «А­в­то­мобильдің жылдам жүрісінің қауіп­сіздігін арттыру тәсілі» және В. Дву­реченскийдің «Топырақты жырт­пай өңдеуге арналған түрені» өнертабыс бәйгесінен қара үзіп келді. Осылайша үздік зияткерлік ғылыми ізденістердің ішінен ең лайықты дегендері анықталып, өнертабыс иелеріне құрмет көр­сетілді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.