14 Мамыр, 2011

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ № 581, № 961, № 399-ө

464 рет
көрсетілді
26 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 27желтоқсан № 581 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 желтоқсан № 961 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 7 желтоқсан  № 399-ө

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді оңалту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №2010 қаулысымен бекітілген «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 17-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамыз: 1. Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді оңалту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті (Манабаева Қ.А.): осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; осы бірлескен бұйрықтың белгіленген заңнамалық тәртіппен ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің интернет-ресурсында орналас­тырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б.Нүсіповаға жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.ЖҰМАҒҰЛОВ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.ҚАЙЫРБЕКОВА. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 27желтоқсандағы № 581 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 961 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 399-ө бірлескен бұйрығымен бекітілді Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді оңалту жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді оңалту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі меке­мелері мен ұйымдарында арнаулы әлеу­меттік қызмет алатын балаларды (бұдан әрі – балалар) физикалық қалпына келтіру, әлеумет­тендіру, түзете отырып оқыту және тәрбиелеуге, сондай-ақ балалардың бойында әлеуметтік құпталатын дағдыларды қалыптастыруға бағыт­талған жағдай жасауды нақтылайды. 2. Балаларды оңалтуды жүргізу кезінде мынадай принциптерді ескеру керек: сабақтастық – өткізілетін жеріне қарамастан оңалту іс-шаралары бірыңғай әдіснамалық тә­сілдерден тұрады; кезеңділік – жеке жұмыс жоспары қара­пайым­нан күрделіге қарай іске асырылады; толассыздық – оңалту шаралары үздіксіз жал­ғасуы керек, ақыл-ойы кеміс балаларды оңалтуда демалыс болмауы керек, оңалту шаралары тек нысаны бойынша ғана емес, мазмұны бойынша да өзгеруі мүмкін; дараландыру принципі – көрсетілетін арнау­лы әлеуметтік қызметтің көлемін және олардың түрлерін айқындау әрбір бала үшін жекелегенде олардың жеке қажеттіліктеріне қарай жүзеге асырылады; белсенділік принципі – баланы бір қызметке қайта-қайта қызығушылығын арттыру; тұтастық принципі – баланың белгілі бір іс-қимыл алгоритмін игеруге және түсінуіне қол жеткізу үшін бала қатысатын әртүрлі қызметтің өз мақсаты мен түпкілікті нәтижесі болуға тиіс. істі сөзбен қатар алып жүру принципі (маман барлық ісін сөзбен айтып отырады) – балаға ісіне сөзді қатыстыруды үйрету; ғылымды әлеуметтік дәлелдеу принципі – бала үшін жайлы және оның ерекшеліктерін ескеретін ортаның болуы оны нәтижелі оқытудың маңызды компоненті болып табылады. 3. Балаларды оңалту оларға өзіне өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдыларын үйрету арқылы әлеуметтендіру жолымен жүзеге асы­рылады. 2. Кешенді оңалтудың негізгі құрамдастары 4. Кешенді оңалту өзара тұрақты әрекет ететін үш негізгі блоктан тұрады: 1) медициналық блок – ағзаның тыныс-тіршілік әрекетін қолдап отыру. Медициналық блокты іске асыру үшін: жүйелі (жоспарлы) медициналық тексерулер; психоневрологиялық және соматикалық жай-күйді субкомпенсациялау және декомпенсациялау құбылысын уақытылы және дәл диагностикалау және бейінді медициналық мекемеге жіберу; қолдайтын терапия көрсету (қажетіне қарай); қимылды абилитациялау (оңалту) жүзеге асыру қажет. Міндеттерді негізге ала отырып, кешенді оңалту кезінде пайдаланылатын медициналық қа­тысудың негізгі әдістері мыналар болып табылады: дәрі-дәрмектік – тек қана қолдаушы терапия ретінде (құрысқаққа қарсы емдеу, ноотропты және тамырлы препараттарды қолдану курстары, неролептиктерді, транквилизаторларды симптом­дық пайдалану); дәрі-дәрмекті емес – физиоемшара, емдік дене­шынықтыру, шынықтыру іс-шаралары, психотерапия, қозғалыс белсенділігінің бағдар­ламасы; 2) әлеуметтік блок – баланы және оның отбасы мүшелерін заңнамамен регламенттелген әлеуметтік қызметтер пакетімен қамтамасыз ету. Әлеуметтік блокты іске асыру үшін: баланың отбасындағы әлеуметтік ахуалға мониторинг жүргізу, баланың құқығын қорғау; ата-аналары мен отбасы мүшелеріне үй жағдайында жүргізілетін оңалту іс-шаралары негіздерін үйрету; қызмет алуға, жеңілдік, жәрдемақы, қайы­рым­дылық және әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек беру қажет. 3) психологиялық-педагогикалық блок – әлеу­меттік кіріктіруді қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыру. Психологиялық-педагогикалық блокты іске асыру үшін: күрделі ақыл-ой кемістігі бар баланы оқыту-тәрбиелеу жұмысын едәуір тиімді жасауға мүмкіндік беретін психиканың тіреу бола алатын жағымды жақтарын анықтау; психиканың ақау құрылымын айқындау; психикалық даму ерекшеліктерін белгілеу; зияткерлік және сөйлеу ақауларын түзету; баланың бойында қоршаған орта, заттардың қасиеттері туралы ойын; бейнелеу қызметінің және басқа қызмет түрлерінің дағдыларын қа­лып­тастыру; өзіне өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарын дамыту, өзара іс-қимылдың әр түрлі нысандарында дұ­рыс мінез-құлықты тәрбиелеу; балалармен бірге тұратын ата-аналары мен от­басы мүшелеріне психологиялық көмек көрсе­ту, олардың балаларды мүмкіндіктерін ескере отырып үйрету, өйткені ата-аналарды балалар­дың отбасындағы өмірі мен қызметін дұрыс ұйым­дастыруға үйрету жағымды эмоционалдық әрі адами отбасылық атмосфера құруға әсер етеді, ата-аналарға балалардың әр түрлі жас ке­зеңіндегі психологиялық ерекшеліктерін таныту­ға көмек­теседі, теріс қасиеттердің дамуының ал­дын алады, жалпы ата-ана құзыреттігін арт­тырады. Психологиялық-педагогикалық блок баланы әлеуметтік кіріктіру және әлеуметтендірудің бірнеше сатыларын қосатын түзету іс-шараларын іске асыру жөнінде негізгі жүктемені қамтиды. 5. Ұсынылатын балаларды әлеуметтік кіріктіру және әлеуметтендіру сатылары: 1-саты – әлеуметтік бейімдеу; 2-саты – әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау; 3-саты – әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу; 6. Балаларды кешенді оңалту бойынша жү­йелі жұмысты ұйымдастыру үшін баланың да­муына мүмкіндік туғызатын және оларды өмірге, қоғамға дайындайтын түзеу процестерін ұйым­дастыруды және оның мазмұнын регламенттейтін негізгі құжат болып табылатын оқу жос­парын әзірлеу ұсынылады. Түзету қызметінде психоқимылының дамуы­на септігін тигізетін ойын әдістерін пайдалану, өйткені түзету әсері, ең алдымен, негізгі ақауға – балалардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру­ға, қимылдың, эмоционалдық-ерік аясының және мінез-құлқының бұзылуын түзетуге бағытталған. Барлық кешенді қызмет аралығында оқу са­тысынан сатысына көшіп отырған балада әлеу­меттік дағдылар қалыптасады, балалар практи­калық бағыты бар және олардың психофи­зикалық мүмкіндіктерімен байланысатын дайын­дықты алады: өзіне өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары (бірінші саты), әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлану (екінші, үшінші саты), қол шеберлігі және шамасы келетін еңбекке дайындау (төртінші саты). Бұл ретте, оқу пәндері бойынша білімін бағалау жүзеге асырылмайды. Оқу жылының басталуы және ұзақтығы мектепке дейінгі мекемелерде қолданылатын мерзімге сәйкес жүзеге асырылады. Оқу жоспарының негізінде балалардың та­нымдық деңгейін ескере отырып, сағаттың жал­пы саны шегінде әрбір топқа икемді оқу жос­пары жасалады. Түзету циклінің сабақтары баланың психо­эмо­ционалдық белсенділігін пайдалануды ескере отырып, күннің бірінші және екінші жартысында өткізілуі мүмкін. Жеке сабақтар сөйлеудің (логопед), жалпы қимылдың (ЕДК нұсқаушысы), сенсорлық про­цестердің (сенсорлық дамыту жөніндегі дефектолог мұғалім) айқын біленетін бұзылуы бар балалармен өткізіледі. Жеке сабақтарды өткізу уақытын мамандар айқындайды, баланың қажет­тігін және оның жай-күйінің күрделілік дәре­жесін негізге ала отырып 15 минуттан 45 ми­нутқа дейін болуы мүмкін. 7. Әлеуметтік бейімдеудің алғашқы саты­сында: қарым-қатынас жасаудың (қарапайым нұс­қаулықтарды орындау, өз өтінішін қимылмен, ымдап, сөзбен жеткізе білу, балаларды бірлескен ойындарға: қол ұстасып әндетіп, билеп ой­найтын және ойыншықтармен ойнайтын ойынға қосу) қарапайым дағдыларын дамыту; өзіне өзі қызмет көрсетудің қарапайым (өз­дігінен киіну және шешіну, жуыну, сабынды және майлық орамалды (сүлгіні) қолдану дағ­дысына дағдыландыруға, тазалық (қол орамал­ды, дәретхана қағазын қолдану, сіңбіру, тарану) дағдыларын қалыптастыру; қимылды дамытуға бағытталған міндеттерді іске асырады. 8. Оқытудың екінші сатысында қарым-қа­тынас, жеке гигиена және өзіне өзі қызмет көр­сету дағдыларын бекітуге бағытталған міндеттер іске асырылады. жұмыс істеу білімін дамыту, жалпы талап­тарға бағынуға үйрету, педагогтың айтқан нұс­қау­лықтарын орындау; белгілі ережелер бойынша балаларды сюжеттік-рөлдік ойындарға үйрету; практикалық қызмет, балаларда пассивті және активті сөздіктерін байыту арқылы сөйлеу қабілетін жандандыру; құрбыларымен және ересектермен коммуникативтік дағдыларын дамыту; адамның эмо­циясын, ымды, қимылын: қуанышты, қайғыны, ашуды, наразылықты, таңдануды айырып тануға және дұрыс қабылдауға үйрету; нәзік қимылды, қол және көз қозғалыстарын түзетуді жетілдіру; назарын, көру жадын, есту жадын және меха­никалық жадты дамыту; көрнекі үлгілер бойынша және ұқсатып құрылыс материалдары мен қағаздардан конс­трукциялаудың қарапайым дағдыларын дамыту; қарапайым математикалық ойын (беске дейін санау) дамыту, негізгі түстерді, геометриялық фигураларды (шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш, тікбұрыш) білу, көп – азды, үлкен – кішіні, ұзын – қысқаны түсіну. Жыл мезгілдерін, тәулік уақытын: таңертең, күндіз, кеш, түн – айыруға және атауға үйрету. Балаларға сол немесе өзге де дағдыны игеруіне көмектесу үшін, ең алдымен тиісті процесті, олар оның әр қайсысын жеңіл шешуі үшін жекелеген, кішкене қадамдарға бөлу қажет. 9. Үшінші сатыда өзіне өзі қызмет көрсету дағдылары бекітіледі және тұрмыстық бағдарлау дағдылары қалыптасады: жұмыс орнын жинау, тұрмыс заттарын пайдалану, үстелді жабдықтау және ыдыс жуу, пәтерді (бөлмені) жинау. 10. Төртінші сатысында қолынан келетін еңбек дағдыларын үйретуге бағытталған міндеттер іске асырылады. Еңбекке үйрету мынадай міндеттерді шешуге бағытталған: еңбек түрлері бойынша қарапайым білімдерді қалыптастыру, еңбектегі дербестілікті дамыту, еңбек сапасын қалыптастыру, еңбектің қол жетімді амалдарын үйрету, еңбек қызметіне қызығушылықты дағдыландыру. Баланың жеке басының жағымды қасиеттерін тәрбиелеу: еңбек сүйгіштік, қайсарлық, ұжымда жұмыс істей білу, істі аяғына дейін жеткізу. Осы міндеттермен қатар еңбек жөніндегі сабақтарда балалардың ақыл-ой қызметін түзетуге бағытталған әлеуметтік міндеттер шешіледі: ғимаратта бағдарлану; жұмыс барысын алдын ала жоспарлау; өз жұмысын бағалау. 11. Кешенді оңалту блоктарының өзара іс-қимылының маңызды бөлімі жеке жұмыс жос­па­ры болып табылады, ол барлық оңалту іс-шара­ларын және оңалту процесінде баланың жай-күйінің өзгерістерін белгілейтін негізгі құжат. Баланың жай-күйінде оң өзгерістер болмаған жағдайда жеке жұмыс жоспарын қайта қарау және алға қойған мақсаттар мен міндеттерді ше­шудің дұрыс жолын табу ұсынылады. 12. Кешенді бағдарламаларды сапалы іске асырудың маңызды компоненттерінің бірі құжат­та­маны дұрыс және толық жүргізу болып табылады: баланың даму динамикасының кестесі (1-қосымша); топтардың, сыныптардың мынадай мәлімет­терді қамтитын төлқұжаттары: топтағы балалардың (жасы, жынысы, сома­тикалық ауруы, қимыл-қозғалыс белсенділігі, мінез-құлқының ерекшелігі, сөйлеу қабілеті, ком­муникативтік қабілеттері, баланың әуестік­тері, үйінің мекенжайы мен телефоны, ата-анасының байланыс деректері) тізімі; балалардың жеке іс парақтары (әрбір балаға мынаны қамтитын папка ашылады: толық бойымен түскен фотосуреті, ата-анасының сауалнамасы (2-қосымша), психологиялық-педагогикалық тексеру картасы; жеке жұмыс жоспары. 3. Қорытынды 13. Осы Нұсқаулықта көрсетілген шарттарды сақтағанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мекемелері мен ұйымдарының мамандары балаларды қоғамға әлеуметтендіру және кіріктіруге мүмкіндік беретін балалардың бойында өзіне-өзі қызмет көрсету, тұрмыстық және еңбекке бағдарлау тәрізді қажетті әлеуметтік дағдыларды қалыптастыра алады. Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді оңалту жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша Нысан Баланың даму серпінділігі кестесі Баланың тегі, аты _______________________________________ Жасы ____________________ Тобы _____________________ Толтыруды бастаған уақыт ____________________________ Балдар   6 5 4 3 2 1 0 Жыл Дефектолог – мұғалім ___________________ 1. «Баланың даму серпінділігі кестесі» кар­тасын толтыруға түсінік: 1) санитарлық-гигиеналық дағдылар – қызыл түс; 2) ас қабылдау дағдылары – жасыл түс; 3) әжетхананы пайдалану дағдылары – көк түс; 4) үлкендердің нұсқамасын орындау дағдылары – сары түс; 5) киіну және шешіну дағдылары – қоңыр түс. 2. Санитарлық-гигиеналық дағдылар: 0 балл – дағды жоқ; 1 балл - барлық іс-қимыл үлкендердің көмегімен енжар орындалады; 2 балл - іс-қимылды ішінара өзі орындай ала­ды: үлкендердің қадағалауымен қолын сы­быз­ғы­лап аққан судың астына қояды, сүлгімен сүртеді; 3 балл – үлкендердің ескертуімен негізгі іс-қимылды өзі орындайды: кранды ашады,қолын жуады, кранды жабады, қолын сүлгімен сүртеді; 4 балл – барлық санитарлық-гигиеналық талап­тарды өз бетімен орындайды. 3. Ас қабылдау дағдылары: 0 балл – дағды жоқ; 1 балл - өзі жейді; 2 балл – қасықты (ыдысты) өзі немесе біреу­дің көмегімен ұстайды, аузына дейін апарады, бірақ өз бетімен тамақты тарелкадан көсіп ала алмайды; 3 балл – қасықпен өзі жейді, бірақ ішіндегісін жоғалтады, қолының қимылын аузына толық үйлестіре алмайды. 4 балл – үлкендердің қадағалауымен өз бетінше тамақтанады; 5 балл - өзі ішіп, жейді; 4. Әжетхананы пайдалану дағдылары: 0 балл - дағды жоқ; 1 балл – үлкендер тарапынан қадағалаумен бала түбекке дәрет сындырады; 2 балл – ишара, сөйлеу, алгоритм жүйесі арқылы әжетханаға сұранады, бірақ өз бетінше шалбарын шеше алмайды, көмекті қажет етеді; 3 балл – өз бетімен әжетханаға барады, шал­барын шешеді, түбекке отырады, үлкендердің көмегі киіндіруде қажет болады. 4 балл – өз бетінше барлық дағдыларды толы­ғымен игерген. 5. Үлкендердің нұсқаулығын орындау дағды­лары: 0 балл – дағды жоқ; 1 балл – нұсқаулықты үлкендердің көмегімен орындайды; 2 балл - нұсқаулықты ішінара ұқсастығы бойынша орындайды; 3 балл – жеке нұсқаулықтарды өз бетінше орындайды; 4 балл - үлкендердің нұсқаулықтарын өз бетінше толық түсінеді және орындайды. 6. Киіну және шешіну дағдылары: 0 балл - дағды толығымен жоқ; 1 балл – үлкендердің іс-қимылын орын­да­ғысы келеді, өзі шұлығын, аяқ киімін шеше алады; 2 балл – түйме шешуді, байлауды қажет етпейтін киім мен аяқ киімді өз бетінше шешеді, ал қалған іс-қимылды үлкендердің көмегімен орындайды; 3 балл – киім мен аяқ киімді өз бетінше шешеді және киеді, үлкендердің көмегімен байлай­ды, ағытады; 4 балл – үлкендердің қадағалауымен өзі киініп, шешінеді, үнемі ауызша дем беруді талап ете­ді; 5 балл – өз бетінше киінеді, шешінеді. Бала жөнінде қосымша ақпарат:_______________________________________ Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді оңалту жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша Нысан Ата-аналарға арналған сауалнама 1. Баланың тегі, аты _____________________ 2. Баланың туған күні ______________________________________________________________ (күні,айы,жылы) 3. Жынысы: ер бала, қыз бала. 4. Баланың туған жері ____________________ 5. Ата-анасының телефондары: үй телефоны: ________________, жұмыс телефоны ________________________ 6. Мекенжайы: __________________________ 7. Анасының тегі, аты, әкесінің аты:________ Анасының жасы: ________________________ Білімі: жоғары, орта арнаулы, орта, бастауыш. Жұмыс орны, лауазымы: ________________ Жұмыспен қамтылу: толық күн, ішінара қамтылу. 8. Әкесінің тегі, аты, әкесінің аты __________ Әкесінің жасы: __________________________ Білімі: жоғары, орта арнаулы, орта, бастауыш. Жұмыс орны, лауазымы __________________ Жұмыспен қамтылу: толық күн, ішінара қамтылу. 9. Отбасында неше адам: _________________ 10. Оның ішінде балалар: _________________ 11. Аталған бала нешінші: ________________ 12. Басқа туыстары: _____________________ 13. Баланың туыстары мен онымен тығыз байланыстағы басқа адамдар: ағасы, апасы, атасы, әжесі, басқа адамдар: _________________ 14. Отбасының тұрғын үй жағдайы: жеке пәтер,коммуналдық пәтер (бөлме), жатақхана, жер үй, пәтер жалдаймыз, ата-анамызбен (басқа туыстарымызбен) бірге тұрамыз. 15. Егер жеке пәтер болса, ондағы бөлмелер саны ________тұрғын алаңы– _______ кв. м. 16. Баланың жеке бөлмесі бар, ата-анасымен бір бөлмеде тұрады, ағасымен немесе (және) апасымен бір бөлмеде тұрады. 17. Егер балада жеке бөлме болмаса, оның сабақ оқуға, ойнауға т.б. арналған өз бұрышы бар ма? (бар, жоқ) 18. Отбасыңыздың материалдық жағдайы: өте жақсы, жақсы, орташа, нашар, өте нашар, жауап бере алмаймын. 19. Баланы асырауға айына қанша ақша жұмсайсыз:____________________________________ 20. Бала арнайы әлеуметтік көмек көрсеткенге дейін балалар мекемесіне барған ба___________________________________________ (мекемелер атауы, барған мерзімі, қанша жастан бастап) 21. Дамуын түзету өткізілді ме ____________ (қайда, қашан, кім) 22. Мекемеге (ұйымға) сіздің балаңыз қанша уақыттан бері келеді________________________ 23. Балаңыз мекемеге (ұйымға) баруға қалай қарайды, сүйсіне, бейтарап, мәжбүрлеумен барады. 24. Бала тағы қандай мекемелерге барады (үйірмелер, секциялар)______________________________________ 25. Бала өзіне-өзі қызмет етудің қандай дағдыларын меңгерген: өзі киінеді, аяқ киімін киеді, тісін тазалайды, жуынады, шашын тарайды, ойыншықтарын, төсегін жинайды, өзінің ұсақ киімдерін жуады, сауда жасайды, үтіктейді және басқа ________________________ 26. Баланың сүйікті ісі: ___________________ 27. Бала нені анағұрлым табысты орындай алады жапсыру, сурет, құрастыру, би, ән айту, аппликация, өлең жаттау, дене жаттығулары, тыңдау, әңгімелеу, тағы басқа: ________________ 28. Балаңызға кітап оқып бересіз бе: (иә, жоқ ). 29. Балаңызға кітапты жиі оқып бересіз бе: (жиі, сирек, әрқала). 30. Бала үй шаруашылығын жүргізуге араласа ма және қалай:___________________________ 31. Балаңыз еңбексүйгіш пе: (өте еңбек­сүйгіш, өзіне жүктелген жұмысты шын көңілі­мен және тырыса орындайды, кейде еңбектенгісі келеді, кейде жалқауланады, жиі жалқауланады, еңбектенгенді ұнатпайды) 32. Баланың үйде әрдайымғы міндеті бар ма: (бар, жоқ). 33. Отбасында балаға рұқсат ету мен тыйым салу бойынша қайшылық бар ма: (иә, жоқ). 34. Сіз балаға жиі немен ықпал етесіз: (көтермелеу-мадақтау,иландыру, көндіру, жазалау). 35. Балаға кім жиі ықпал етеді: (әкесі, анасы, әжесі, атасы, ағасы, апасы, достары), басқалар: ________________ 36. Бала үлкендерге жиі шағымдана ма:   (жиі, кейде, ешқашан) 37. Бала кімге жиі шағымданады: (әкесіне, анасына, әжесіне, атасына, ағасына, достарына), басқаларға: _______________________________ 38. Бала адамдармен тез тіл табыса ала ма: (иә, жоқ). 39. Оған кіммен тіл табысу жеңіл: (балалармен, үлкендермен). 40. Бала аулада басқа балалармен ойнай ма: (иә, жоқ). 41. Бала кіммен араласады: (көршілермен, Сіздің достарыңыздың балаларымен, өзінен кіші балалармен, өзінен үлкен балалармен, құрдас­тарымен, сіздердің отбасыларыңыздағы басқа балалармен, осындай жағдайдағы балалармен, достары жоқ). 42. Сіздің балаңыз басқа балаларды ренжіте ме: (жиі ренжітеді, кейде ренжітеді, ренжітпейді). 43. Басқа балалардың сіздің балаңызға деген қатынасын қалай бағалайсыз: (жақсы, немқұ­райды, жек көрінішті, мейірбандық, жауап бере алмаймын). 44. Балаңыз өкпелегіш пе: (өте өкпелегіш, кейде өкпелегіш, өкпелегіш емес). 45. Бала өзінің және басқа балалардың қаты­суымен болатын мерекелерді ұната ма: (иә,онша ұнатпайды, жоқ, жауап бере алмаймын). 46. Бала үнемі тіл алғыш па: (әрқашан тіл алғыш, жиі тіл алғыш, сирек тіл алады, ешқашан тіл алмайды). 47. Сізге бала өмірін ұйымдастыруда ең қиын болып көрінетін не: (бала күтімі, физикалық дамуындағы проблемалар, көлік, қозғалу, тұрақ­ты диета өткізу, емделу мәселелері, оқуды, де­малу­ды, бос уақытты ұйымдастырудағы қиын­дық­тар, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын қалып­тастырудағы қиындықтар, тұлғаны қалып­тастырудағы қиындықтар) басқалар: __________ 48. Бала үлкендердің үнемі қасында болуын қажет ете ме: (иә – қарым-қатынас жасау үшін , өзін күту мен көмектесу үшін, қажет етпейді). 49. Балаңызды қараусыз қалдыруға жиі мәжбүр боласыз ба: ________________________ 50. Күнделікті бала күтімінде сізге кім көмектеседі: _______________________________ 51. Балаңыз өзіне айтылған сөзді түсіне ме: (толық түсінеді, ішінара, ишарамен қостау арқылы, түсінбейді). 52. Баланың қарым-қатынас жасау құралы: толық фразалы сөйлеу, қысқа сөйлемдер, жеке сөздер, нұсқама ишаралар, басқа қарым-қатынас құралдары: ________________________________ 53. Сізді бала тәртібіндегі не мазалайды: (агрессивтілігі, ұялшақтық, өтірікшілік, дөрекі­лік, гипербелсенділік, көңіл бөлудің жетіспеушілігі, тынышсыздық, ашуланшақтық, жылауық, енжарлық, жабырқаңқылық, қыр көрсетушілік, тұйықтық) ________________________________ 54. Бала мінезінің қандай жақтары сізге ұнайды: __________________________________ 55.Баланың ақыл-ойының дамуы: (жоғары, әдеттегідей, төмендеген,өте төмен ) 56. Баланың физикалық дамуы: (жасына сай, жасынан озық, жасы бойынша артта қалған) 57. Қазіргі кезде баланың денсаулығында проблема, созылмалы аурулар бар ма, оларды баяндап беріңіз: _______________________________________________________________________ 58. Бұл ауытқушылықтар қай жаста пайда болды: ___________________________________ 59. Баланы дәстүрлі емес медицина әдісімен емдедіңіз бе (қайда, қашан, кімде және бұл қанша уақыт алды): ________________________ 60. Бұл ем қандай нәтиже берді: (оң, теріс, нәтижесіз). 61. Балаңызбен байланысты проблемалар үшін стрессті, кернеуленген күйді басыңыздан жиі өткізесіз бе: (ешқашан, кейде, жиі,үнемі ). 62. Балаңыздың болашағы туралы ойлағагнда сізді көбірек мазалайтын не (мектепте оқу қиындықтары, мамандық алу қиындықтары, болашақта жұмысқа орналасу қиындықтары, отбасын құру қиындығы, болашақта баланың бөгде адамның көмегінсіз өмір сүру мүмкін еместігі, емделудің қиындықтары), басқа жауап: __________________________________________ 63. Қалай ойлайсыз, балаңыз болашақта өзі өмір сүріп, жұмыс істеп өз басын қамтамасыз ете ала ма: (иә, иә белгілі жағдайдада, жауап бере алмаймын). 64. Сіздің ойыңызша қандай жұмыс болашақта сіздің балаңызға қолайлы және қажет бола алады: _________________________________________________________________________ 65. Сіздің пікіріңізше, сіздің балаңыз болашақта өз бетінше өмір сүріп, мамандық алуы үшін не істеу керек: ___________________ 66. Сіз балаңызды жеткізу үшін мемлекеттен, әлеуметтік қолдау жүйесінен, қоғамдық ұйымдардан қандай көмек алғыңыз келеді:________________________________________   67. Сұрақтарға жауап берген анасы, әкесі, әжесі, атасы, ағасы, апасы, баланың басқа туысы: ___________________________________ 68. Сауалнаманы толтырған күн:_____________________________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2011 жылғы 18 қаң­тарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6742 болып енгізілді.