2011 жылғы 31 наурыз № 302 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
кіріспесіндегі «2-тармағына» деген сөздерден кейін «, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2 баптарына» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан еткізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
1-тармақтағы «жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін» деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақтағы «Мемлекеттік қызмет» деген сөздерден кейін «демалыс күндерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1- тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.