2011 жылғы 5 сәуір №356 Астана Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 және 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1). «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесінде, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
3-тармақта:
16-4) тармақша «қоғамында» деген сөзден кейін «және ол құрған мекемелерде, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамында» деген сөздермен толықтырылсын;
16-5) тармақша «қоғамына» деген сөзден кейін «немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамына» деген сөздермен толықтырылсын;
2). «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-кұжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
18-тармақта:
43-1) тармақша «қабылдау» деген сөзден кейін «, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:
«56-1) «Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;»;
57). тармақша «білім беру» деген сөздерден кейін «және (немесе) ғылыми» деген сөздермен толықтырылсын;
58). тармақша «мектептерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ «Назарбаев Университетінің» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.