21 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №398

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 7 сәуір               №398                 Астана, Үкімет үйі Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі  № 398 қаулысымен  бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесі 1. Ұшу авиация персоналының лауазымдары 1. коммерциялық авиация пилоты; 2. пилот-нұсқаушы; 3. пилот-емтиханшы; 4. әуесқой пилот; 5. желілік пилот; 6. аса жеңіл авиация пилоты; 7. штурман; 8. штурман-нұсқаушы; 9. бортинженер (бортмеханик); 10. бортрадист 11. бортоператор 12. бортсерік. 2. Жердегі авиация персоналының лауазымдары 1. әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері; 2. ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның бастығы; 3. әуеайлақ қызметінің басшысы; 4. ұшу қызметінің басшысы; 5. инженерлік-авиациялық қызметтің басшысы; 6. әуе кемелерін пайдалану жөніндегі жетекші инженер; 7. техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші инженер; 8. инженер-механик; 9. инженерлік-авиациялық қызметтің инженері; 10. ұшу аппараты мен қозғалтқыштар инженері; 11. авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтар инженері; 12. жанар-жағармай жөніндегі инженер; 13. жердегі көлік жөніндегі инженер; 14. әуеайлақтарды пайдалану жөніндегі инженер; 15. ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөніндегі инженер; 16. объективті бақылаудың авиациялық жабдықты пайдалану жөніндегі авиация технигі (механигі); 17. планер және қозғалтқыштар жөніндегі авиация механигі (технигі); 18. аспаптар және электржабдықтар жөніндегі авиация механигі (технигі); 19. радиожабдықтар жөніндегі авиация механигі (технигі); 20. жанар-жағармай жөніндегі авиатехник; 21. аса жеңіл авиация механигі (технигі). 3. Ұшу авиация персоналының кәсіптері 1. инженер-пилот; 2. пилот; 3. әуесқой пилот; 4. аса жеңіл авиация пилоты; 5. штурман; 6. бортинженер (бортмеханик); 7. бортрадист; 8. бортсерік; 9. бортоператор. 4. Жердегі авиация персоналының кәсіптері 1. инженер-механик; 2. инженер-авионик; 3. механик, 4. авионик; 5. техник-механик; 6. техник-авионик; 7. аса жеңіл авиация технигі; 8. әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері.