21 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 194

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 28 ақпан                № 194               Астана, Үкімет Үйі Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «RINA S.р.а.» сыныптау қоғамын тану туралы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Халықаралық жүзуді орындайтын кемелерді техникалық куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын «RINA S.р.а.» сыныптау қоғамы танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағына сәйкес «RINA S.р.а.» сыныптау қоғамын Қазақстан Республикасының танығандығы туралы Халықаралық теңіз ұйымының (ІМО) Бас хатшысын белгіленген тәртіппен хабардар етсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.