21 Мамыр, 2011

Жұмыла көтерсе, жүк жеңілдейді

348 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Биылғы көктемде Батыс Қазақстан облысы аумағын жайпап өткен тасқын су мұндағы білім беру жүйесіне де ай­тар­лық­тай салқынын тигізді. Соның салдарынан он бес бі­лім беру нысаны, мектептер мен балабақшалар су ас­тын­да қалды. Әсі­ресе Тасқала мен Зеленов аудандарында және Орал қа­ласында оның тигізген зардабы айтар­лық­тай. Бірқатар білім беру ны­сандарын басып қалған тас­қын судың деңгейі метр жарымға дейін жетті. Бүгінде бү­лін­ген ғимараттарды толық қа­лпына келтіру жұмыстары жүр­гізілуде. Батыс Қазақстан об­лыстық білім басқар­ма­сы­ның бастығы Марат Тоқжа­нов­пен тіл­ші­міздің әңгімесі осындай бағытта өрбіді. – Марат Лұқ­пан­ұлы, ақи­қа­тын ай­тыңызшы, биылғы тас­қын судың мол болатыны, оның тұр­­­ғын үйлер мен әлеу­меттік ны­сан­дар­ды басып қала­ты­ны жө­нінде сіздерге алдын-ала хабар тиді ме? – Тимеді десем, ақиқаттан аттап кетермін. Бізге Төтенше жағ­дай­лар министрлігіне қа­рас­ты ма­ман­дар­дың тасқын­нан сақ­тану, оған ал­дын-ала қам жасау жө­нін­де­гі ха­бар­ламасы күні бұ­рын айтыл­ғаны рас. Сол сәт­тен бастап облыс­тағы білім беру ме­ке­мелерінің бас­шылары мен педа­гогикалық ұжым­да­ры бірінші кезекте адам өмірі­не қауып тигізбеу ша­рала­ры­на мән берді. Су басуы ықтимал тұс­тар­­дағы білім беру ғимарат­тарын эвакуа­ция­лау мәсе­ле­лері де ал­дын-ала ойласты­рылды. – Бүгінде су тасқынынан бү­лінген мектеп, балабақша ғи­ма­раттарын қайта қалпы­на кел­тіру ісі қолға алынған болар. – Су тасқыны зардабынан бас­­панасыз қалғандарға облыс ор­та­лығынан көп қабатты тұр­ғын үй­лер салынатынын естіген бо­лар­сыз. Ендеше, бұл үй­лердің ай­на­ласына мектеп мен бала­бақ­­ша­лар тұрғызылуы заң­ды ғой. Міне, осы талапқа сай бүлінген мектептер мен бала­бақ­­шалар бұ­рын­ғы ор­нына емес, Орал қаласындағы бесінші ша­ғын ауданда бой көте­ру­де. Соны­мен бірге, күр­делі жөн­­деулер ісі­нің барысы да тиісті органдардың ұдайы назарында. Оның уа­қы­тын­да әрі сапалы түр­де әзір бо­ла­ты­нына сеніміміз мол. Бү­гінгі күні жаңа құрылыстар са­луға жә­не күр­делі жөн­деу­лер жүр­гізуге қажетті ал­ғышарт­тар­дың барлы­ғы ат­қа­рылды. Әрі құ­рылыс жұ­мыстары жедел қар­қын­мен бас­талды. Республика Үкіметі тара­пы­нан көрсетілген ауқымды қаржы­лық қолдау облыстың білім беру сала­сына да жау­апты міндеттер жүк­тейді. Әрі бұл бізге көрсе­тіл­ген шек­­сіз сенім де. Ендігі мә­селе – алдағы мақсаттар мен міндеттерді тиянақты орын­дау деп бі­леміз. Қайт­кенде де бүгінгі күні қолға алын­ған аса ауқымды іс-шаралар республикада білім беруді дамыту­дың 2011-2020 жыл­дар­ға арналған мемлекеттік бағ­дар­ламасына то­лық сәй­кес келуге тиіс. Солай бо­ла­­тынына да кү­мәніміз жоқ. – Тасқынның білім беру жүйесіне қатысты тигізген зар­­дап­тарын жою тек  қана жаңа нысандар тұр­ғызу немесе олар­ға күр­делі жөн­деу­лер жүргізу ісімен шектелмейді. Қыс­қа­сы, бұл мә­се­леге жан-жақты, әрі ке­шенді көз­қа­рас қажет. Мә­селенің осын­­дай мәнісі туралы не айтуға болады? – Әрине, сөзіңіздің жаны бар. Өйткені, білім беру үр­дісі мен оның субъектілері түптей келгенде әлеуметтік жүйелер қатарына кіреді. Бұл педагогтар, оқушылар мен ата-аналар, қоғамдық ұйым­дар секілді бір-бірімен тығыз байланысы бар тұтас институт іспеттес. Олай болса, су тасқы­нының өңір­де­гі білім беру жүй­есіне әкел­ген зардаптарын өзіңіз айтқандай, тек білім беру ны­сан­дарын жөндеу және қайта тұр­ғызу ісімен шектей салуға бол­май­ды. Қолда бар мәліметтерге қара­ғанда, су тасқынынан облыс­тың елу мектебіндегі 1436 оқу­шы зардап шегіпті. Осы орай­да, олар­ға дер кезінде қажетті мате­риалдық, моральдық және психо­логиялық кө­мек­тер көр­сетілгенін айта кетуді білім беру саласының бас­шысы ретіндегі басты па­ры­зымның бірі деп есептеймін. Тағы бір иірім тө­мен­де­гі­дей. Тас­қын жолын­да­ғы­ның бә­рін апы­рып-жа­пырып келіп қалған кезде, көптеген отбасы мүшелері тек құ­жат­тарын ғана алып үлгер­ді. Міне, осындай от­ба­сындағы оқушылар оқу­лық­тар және оқу құрал­дары­мен дер кезінде қамта­масыз етілді. – Мектептерде соңғы қо­ңырау соғылып, оқу­шы­лар­дың жазғы демалы­сы баста­ла­тын күн де таяу. Осы орайда тас­қыннан зардап шеккен оқу­шы­лар­ға бұл кезеңде қан­дай қол­дау мен жеңілдіктер жа­салмақ? – Оларға негізгі көмек об­лыс­тың өзінің ішкі мүм­кін­діктері мен резервтері есебінен жасалып отыр. Со­ған сай тасқын су зар­дабына тап бол­ған жеткіншектер ай­мақтағы тынығу орын­да­ры мен лагерлерде арнайы жолдамалар бой­ынша дем­ал­мақ. Мұның сыр­тында рес­пуб­ликаның өзге өңір­ле­рін­дегі дема­лыс орта­лық­­та­ры мұн­дай топтар қата­рына кіретін оқу­­шыларды қа­бы­л­дауға ниет біл­дірді. Олар­дың қатарында «Бал­­­дәурен» республи­ка­лық оқу-сау­ық­­ты­ру ор­та­лығы, ұлттық «Сұң­қар» парк базасы жә­не «Қаз­Мұ­найГаз» ЖШС бар. Бұ­ған қоса 150 баланың жаз­ғы дема­лы­сын өздерінде өткізу­ге шешім қабыл­даған Маңғыстау және Ақ­төбе облыстық әкімдіктері­не де айтар алғысымыз шексіз. – Облыс аумағында таби­ғат апаты орын алған тұста шұғыл оңтайлы шешімдер қа­былдан­ды. Мұ­ны дер уа­қытында алын­­­ған тактика десек, тас­қын су зардап­та­рын толық жою­­дың страте­гиясы да іске асып жат­қаны кәміл. Бұл мә­селеде сіздің ойы­ңыз­ша ескерілетін басты мәселелер қандай? – Облыс орталығы Орал­дың республиканың өзге қала­лары­мен салыстыра қа­ра­ған­дағы ең басты гео­гра­фиялық ерекшелігі – оның Жайық, Шаған және Дер­көл секілді үш өзеннің тоғы­сын­да орналас­қаны. Олай болса мұн­да қай жылда да су тасқыны болу қаупі бар деген сөз. Осы қауіп­тің ең ал­дыңғы шебінде Орал қа­ласы маңындағы бірқатар елді мекендер мен саяжайлар тұр. Облыс орталы­ғындағы кейбір білім беру ны­сандары да осы сызыққа таяу орна­ласқаны жа­сырын емес. Сондықтан да біз жыл сайын оқушылар мен педа­гог­тарды шұ­ғыл эвакуация жа­сауға бейімдеу мақса­тында тө­тенше жағ­дай­­лар күн­дерін өткізіп тұра­мыз. Міне, бұл жәйттің өзі биыл­ғы тасқын су кезінде өзінің тиісті нәтижесін берді деп санай аламыз. Со­ның нәти­же­сінде материалдық шы­ғын­дар салыстырмалы түр­де ал­ғанда мейлінше аз бол­ды деп ой түюге толық негіз бар. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН.