28 Мамыр, 2011

Бұл – өте өзекті мәселе

606 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Үкімет елдегі зейнетақы жүйесін талдауға тапсырыс беруі тиіс деп білеміз 13 жылдан астам уақыт елімізде аралас зейнетақы жүйесі жүзеге асырылып келеді: жаңа жинақтаушы және ескі мемлекеттік бөлу (немесе бірлескен) үдерісі мамандардың ұсынысы бойынша 2043 жылы қолданыстан шығарылуы тиіс. Реформаның мәні бірлескен схемадан біртіндеп жинақтаушы жүйенің пайдасына көшу болып табылады. Бұл жағдайда сақтау және көбейту, сәйкесінше мұқтажсыз кәрілікті қамтамасыз ету үдерісіне мемлекет қана емес, жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары да кепілдік береді.  2011 жылдың 1 қаңтарын­да­ғы мәлімет бойынша, елімізде 5,496 млн. салымшыларды қам­ти­тын 13 зейнетақы қоры жұ­мыс істейді екен. Жалпы, бар­лық қордалану сомасы 2,258 трлн. теңгені құрайды. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнет­ақы активтері бойынша атаулы табыстың 2011 жылдың 12 айына – 4,39%, ал инфляция – 7,8%, 36 айға – 16,05%, инфляция – 25,36%, 60 айға – 43,55%, инфляция 61,44% құрайтын орташа алынған коэффициенті (К-2) жинақтаушы зейнетақы қор­ла­рының табыстылығын қамта­ма­сыз ету ретінде зейнетақы қор­далануының жүзеге асыры­лу­ын­да өзекті мәселенің бар екендігін көр­сетеді. Қазіргі таң­да жоға­ры­да аталған мәліметтер бойынша, инфляция табысты­лық­тан асып түседі және оның төмендеуіне әкеледі, яғни егер тез арада шара қолданбаса, салымшыларға құнды зейнет­ақы қамтамасыз етілмейді. Екінші бір халықтың алаң­дау­шылығын тудырып отырған мәселе зейнетақы жинақтау­шы­лар санын талдау болып та­бы­лады. Бүгінгі уақытта олар 5,469 млн. адамды құрайды. Бұлар­дың қатарына жұмыс істемейтін азаматтар, ауылдық мекемеде өзiн-өзi еңбекпен қамтып отыр­ған тұрғындар, жұмыссыз азаматтар, ұзақ уақыт жұмыс істемеген азаматтар кірмейді. Атал­ған категория ешқандай салым төлемейді. Яғни, міндетті зей­нет­ақы қорларын төлеу­шілер жұмыспен қамтамасыз етілген халықтың, 67%-ын құрайды (2010 жылға – 8,171 млн. адам). Аталған азаматтарды тез ара­да жұмыспен қамтамасыз етіп, бұл азаматтарды жинақтау жүйесіне қосқанның өзінде де, жинақтаған қаражаттары жеткіліксіз болады. Осының салдары­нан жоғарыда аталған мәселе­лер зейнетақы реформасының басты мақсатын – болашақта зейнетақы қорларында қорда­ла­ну есебінен жинақталған төлем­дер­ді қамтамасыз етуді тиімді шешуді қиындатады. Осыған байланысты Үкімет тиісті өкілетті мемлекеттік ор­ган­дарға елдегі зейнетақы жүйе­сін талдауға тапсырыс беріп және оны әрі қарай жетілдіру бойынша нақты шешімдер қабылдауы қажет деп білеміз. Екінші бір айтарымыз – Әл­еу­­меттік кеңестің отырыс­тары­ның бірінде зейнетақы жинақ­тау және әлеуметтік сақтандыру қорларының жағдайы мен да­муы жөнінде мәселе қаралған болатын. Осы жылдың басында алынған мәліметтерге сүйенсек, жоғарыда айтып кеткеніміздей, қазақстандықтардың зейнет­ақы­­лық жинақтары 2,3 триллион теңгеге жуықтайды. Бұл – 8 миллион салымшының қара­жа­ты. Яғни, орта есеппен алғанда бір салымшыға 300 мың тең­геден келіп отыр. Аталған қар­жыны зейнетақы қорлары зейнетке шыққандарға 5-6 жылдың ішінде қайтарып береді. Одан кейін зейнеткерлер тек біркелкі зейнетақы ғана ала алады, ал зейнет жасындағы адамдардың саны жылдан жылға азая бермек. Жасы 55-ке толған азамат­тар­дың жинақталған зейнет­ақы­сын өмірінің соңына дейін алу үшін өз жинақтарын аннуитеттік компанияға беріп, олармен келісім-шартқа отыруы ұсыны­лып отыр. Бірақ, зейнетақы қор­ларындағы салымдардың мөл­ше­рі ерлер үшін 2,5 миллион, ал әйелдер үшін 3 миллион тең­гені құрауы керек. 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша, осыған сәйкес ерлердің саны – 25 мың, әйелдердің саны 9 мың адам болып тұр. Қарап отырсақ, қазір өмірлік аннуитет тек санаулы адамдарға ғана қолжетімді. Мұндай жағдай өзін-өзі ең­бек­пен қамтып жүрген, зейнет­ақы­лық жинақтары жоқ 2,6 мил­лион адамға қиындық ту­дыр­ары сөзсіз. Осы мәселе бізді, Мәжіліс депутаттарын көп­тен бері мазалап жүр. Сай­лау­шыларымыздың да жиі көтеріп жүрген мәселесі болғандықтан Үкімет осы мәселеге мұқият назар аударса – сауапты іс ат­қар­ға­ны болар еді. Ольга КИКОЛЕНКО, Айткүл САМАҚОВА, Мәжіліс депутаттары.