04 Маусым, 2011

Өзгерістер өзегі – оңтайландыру

379 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше қылмыстық процесті од­ан әрі реформалау туралы заң жоба­сы­ның жай-күйі талқы­лан­ған дөң­ге­лек үстел отырысы бо­лып өтті, деп хабар­лады Бас про­куратураның бас­­пасөз қыз­меті. Онда қолданыс­та­ғы заңна­ма­ларға енгізуге ұсы­ны­лып отыр­ған және ұлттық қылмыс­тық іс жүргізу құқығын одан әрі дамыту бары­сын­дағы ерекше ма­ңызы бар негізгі мәс­елелер жан-жақты тал­қыланған. Аталған мәселені тал­қылау үшін дөңгелек үстелге Парламент депутат­тары, Президент Әкімші­лігінің, Конс­­титуциялық кеңестің, Жо­ғар­ғы Сот­тың, Ұлттық қауіп­сіз­дік коми­тетінің, Әділет ми­нис­тр­лі­гінің, Эконо­ми­ка­лық қыл­мыс­қа және сы­бай­лас жем­қорлыққа қарсы күрес агент­тігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік ор­ган­дардың, адвокаттар қауымдас­тығы­ның өкілдері, сондай-ақ ха­лық­аралық және үкіметтік емес ұйым­дар­дың сарап­шылары, ға­лым­дар қа­тысты. Олардың талқысына тартыл­ған қылмыстық процесті одан әрі реформалау туралы заң жоба­сы­ның басты идея­сы барлық тергеу әрекеттерін жүр­гізу барысында нақты тәртіпті, объективті және теңгерімді ұстаным мен азамат­тардың конституциялық құ­қық­тары мен бостандықтарын қам­­тамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, онда сотқа дейінгі өндірісті оңтайландыру және жеңілдету бары­сында қылмыстық процестен тергеуге дейінгі тексерісті, қылмыстық іс қозғау ке­зеңін, айып тағуды алып тастау, сот өкілеттігіне кейбір тергеу амал­дарын беру көз­де­леді. Соны­мен қатар, бұрын тергеу­ші­нің құзыре­тін­де болған мәжбүрлеу ша­ра­ларын сот­қа дейінгі өндіріс бары­сын­да тек про­курордың санк­циясымен ға­на қол­­­­дану қарасты­рылып отыр. Қылмыстық процесті одан әрі реформалау туралы заң жобасын тал­қы­лау барысындағы өзгеріс­тер­ден кү­ті­летін тағы бір ма­ңыз­ды жаңалық – соттың қылмыстық істерді қайта тергеуге жолдау институтын алып тастау болып отыр. Сот тарабына тек про­ку­рорға қо­сымша тергеу амалдарын жүр­гізу тура­лы ұсыным беру құқы­ғын қалдыру ұсы­нылған. Демек, осы­ған байланысты енді, қа­жет болған жағ­дайда прокурор айып­таудың көле­мін өзгертуге жә­не оны ауырлатуға да құқылы болады деген сөз. Дөңгелек үс­тел­ге қатысушылар аталған өзге­ріс­тердің маңыздылығын және дер уақ­тылы енгізіліп отырғанын атап өтіп, сотқа дейінгі қыл­мыс­тық өндірісті же­тілдіру мақса­тында ойларымен бө­лісті. Сонымен қатар баспасөз қыз­меті Бас прокурор Асхат Дауыл­баев­тың Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Тө­­тен­ше және өкі­летті елшісі Ли Бен-Хвамен кездескенін жеткізді. Кездесу барысында екіжақты ын­ты­мақтастықты дамыту­дың негізгі мә­се­лелері қозғалып, Бас прокурор жан-жақты байланыстың жо­ғарғы деңгейімен сипатта­ла­тын Ко­­рея мен Қазақстанның мем­ле­кет­­аралық қа­ты­нас­тарының құ­қық­­тық сала­сын­да өзара тиімді се­рік­тестіктің үлкен дәрежеге ие бо­ла­тынын атап өткен. Арадағы ос­ын­дай ынтымақ­тас­тық­тың ар­қа­сында соңғы кездері құ­қықтық кө­мек және ұсталған адам­дарды беру туралы екі келісімге қол қойылды. Кездесу барысында сыбайлас­тық­қа қарсы күрес, кибер­қыл­мыс­­ты­лық, заңсыз жолмен алын­ған кірістерге әрекет етудегі қа­рым-қаты­насты одан әрі дамыту мәселелері қозғалды. Қылмыстың осы санатын ашып, тергеу кезінде алдыңғы қа­тарлы технолгиялармен алмасу, оқу курстары мен тренингтердің өткі­зілуін ұйым­дас­тыру, әдістемелік және ақпа­рат­тық-талдау материал­дары­мен алмасу са­ла­сында екі жақ­ты бай­ланысты ұл­ғайту туралы келісім жасалды. Александр ТАСБОЛАТОВ.