04 Маусым, 2011

Асқар НӘМЕТОВ: «Академиялық еркіндік білім ордасын ғана емес, әр тұлғаны өсіреді»

1696 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
А.Байтұрсынов атын­дағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан­ның солтүстік өңіріндегі алдыңғы қатарлы білім ордасы. Заманауи талап­тар­ға сай мамандар дай­ындауға ұмтылған университет ректоры Асқар Нәметовті әңгімеге тар­тып, еліміздің жоғары білім беру саласындағы бағыт­тар мен маңызды істер жөнінде пікір бөлісуін сұраған едік. – Асқар Мырзахметұлы, отандық білім беруде соңғы он жылда түбегейлі өзгерістер бар. Мамандар даярлаудың көп дең­гейлі үлгісі, яғни кредиттік және қашықтан оқыту техно­логиялары, сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Реформалау­дың арқасында мамандар даяр­лау жүйесі халықаралық тә­жірибеге көшті, Болон үдері­сіне қатысу жүріп жатыр. Сіз еліміздің білім беру сала­сын­да­ғы осындай үдерістердің, жүр­гізіліп отырған жұмыстардың қайсысына басымдық берер едіңіз? – Менің ойымша, білім беру реформасындағы маңызды жетіс­тік­ республиканың же­текші жо­ғары оқу орындары дамуы негіз­дерінің бірі – ака­де­миялық еркіндік деп есептеймін. Біздің университетте оқытудың кредиттік тех­но­логиясы жүзеге асы­рылуда, яғ­ни оқу үдерісін ұйым­дас­ты­рудың ашық және ұт­қыр­лық қағидатта­рына басшылық ете оты­рып, бар­лық деңгейдегі жо­ғары оқу ор­ындары оқыту­шы­ла­ры мен сту­денттердің акаде­мия­­лық еркіндігін едәуір кеңейтеді. Академиялық еркіндік жоға­ры оқу орнының оқу үдерісін өз бетінше ұйымдастыруына, кафе­дра­лардың элективті пәндердің маз­мұнын өз бетінше анық­тауы­на, оқытушылардың оқу пәнін өз әдістемесі бойынша оқытуына, студенттердің өз бейімділігі мен қажеттіліктеріне сай білім алу­ла­рына мүмкіндік береді. Сонымен қатар академиялық еркіндік білім беру үрдісінің барлық қатысу­шыларының академиялық жауапкершілігін тартады және білім алушылар мен оқытушылардың шығармашылық дамуы үшін қо­лайлы жағдай жасалуын және оқытудың инновациялық техно­логиялары мен әдістерінің қолда­нылуын тұспалдайды. – Қазіргі уақытта барлық білім ордаларының оқу жос­пар­лары теориялық бөлімі мін­детті және элективті пән­дер­ден тұрады. Сондай-ақ жоғары оқу орнының өз ұсынысымен алы­натын пәндер базалық және бейіндік пәндердің негізін құрай­ды. Университет олар­дың тізімі мен мазмұнын өзі таң­дайды. Бұл еркіндік Қазақ­стан Рес­пуб­ликасында білім беруді да­мы­тудың 2011-2020 жыл­ға арнал­ған мемлекеттік бағ­дар­лама­сы­на сәйкес тағы да кеңейті­ле­ді. Мұның білім ор­да­ларына қандай пайдасы бар? – Мұның бәрі аймақтың әл­еуметтік-экономикалық даму ер­ек­шелігін және жұмыс беруші­лер­дің қажеттілігін ескере оты­рып, мамандардың жеке даяр­лау­ын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жайында туын­дай­тын мәселе көп және жоғары оқу орындары осы бағытта тек алғашқы қадам жасауда. Өйткені ЖОО-да кадрлардың аймақта қа­жеттілігіне тиісті талдау жеткілікті жасалмаған, ал жұмыс берушілер өзіне қандай маман керек екендігіне, маманның қандай біліктілікті талаптарға сай болуына нақты тұжырым жасауға әлі де болса қиналады. Бірақ біртіндеп тәжірибе жинақталуда. Болашақ­та білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоғары оқу орны ұсынатын білім бағдарламаларының үлесі әлі де артып, ол бакалавриатта 70 пай­ыз, магистратурада 80 пай­ыз, док­торантурада 90-95 пай­ызға дей­ін болады. ҚМУ-дің әр факультетінде қам­қорлық кеңесі қызмет етеді, олардың құрамына мамандық­та­рына сәйкес қызмет саласындағы кәсіпорын және ұйым басшы­ла­ры кіреді. Мәселен, заң факульте­ті­нің қамқорлық кеңесі құра­мы­на Қостанай облысының барлық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары енді. Бұл өз факультеттерінің дамуы мен бір­қатар мәселелерін шешуде қам­қорлық кеңестеріне кәсіби көмек көрсетеді. Бұл ұйым оқу үде­рі­сі­не қатыстырылады, мамандарды даярлаудың сапасын жақсартуға жәрдемдеседі. Олар бізге оқу-жұмыс жоспарларын, элективті пәндер тізбесін еңбек нары­ғы­ның қажеттіліктеріне сәйкес жетілдіруге, кәсіпорындарда кафедралар филиалдарын, тәжірибе базаларын құруға, студенттер мен профессор-оқытушылар құ­ра­мы үшін университетте, сон­дай-ақ тікелей өндірісте жетекші мамандардың көмегімен сабақ өткізуге үлкен көмек көрсетеді. Мұндай тығыз ынтымақтастық болмаса, уақыт талабына сай бә­се­келестікке қабілетті маман даяр­лау мүмкін емес. – Жұмыс берушілер мен уни­верситет факультеттерінің өзара ынтымақтаса қызмет етуі­нен нақ­ты мысалдар келтірсеңіз. – Әрине, мысалдар көп. Мә­се­лен, қамқорлық кеңес мүше­ле­рі – Қостанай облысындағы жетекші бұқаралық ақпарат құрал­дарының басшылары студенттер­дің тәжірибелік жұмыстарына көп көңіл бөлуді ұсынды. Нәти­жесінде оқу үдерісіне «үздіксіз» практика енгізілді, оның бары­сында студент-журналистер жергілікті телеарнада, радиода, газет және журнал редакцияларында аптасына бір күн жұмыс істеп, болашақ мамандығының қыр-сырын іштей ұғынады. Ал тә­жірибе нәтижесі кредит түрінде есептеледі. Нарықтық қарым-қатынас жә­не өмірді демократияландыру жағ­дайында еңбек нарығы маманнан кәсіби білім, біліктілік және дағдыны дамытудың жоға­ры деңгейін, сондай-ақ икемділік, жан-жақты, дербестік, баста­машы болуға қабілеті бар, таңдау жасап, соған жауап бере алатын қасиеттерінің болғанын талап етеді. Сондықтан қамқорлық кеңестердің ұсыныстары бойын­ша оқу үдерісіне «Бәсекеге қа­білетті тұлға психологиясы», «Іскерлік этикет» пәндері енгізілді. Уақыт өте келе бұл пәндер студенттер үшін өте қажетті және өзекті болып табылды және тү­лектердің жұмысқа орналасуына біраз септігі тиді. Енді барлық факультеттерде осы пәндер бой­ынша сабақ беріледі. Жұмыс берушілер тек білім бағдарламаларын қалыптас­тыру­ға ғана емес, оқу үдерісін ұй­ым­дастыру үшін өзінің материал­дық-техникалық базасын беруге де қатысады. Мәселен, «Зоотехния» және «Азық-түлік өнімдер технологиясы» мамандығы студенттері үшін «Қазақ-Тұлпары» ЖШС биотехнологиялық зерт­ха­на­сында селекция және биотехнологиялар, жылқы шаруа­шы­лы­ғы, сүт және жылқы өнімдері технологиялары бойынша сабақ жүргізіледі. «Мяско» кәсіп­ор­нын­да студенттер үшін арнайы қажетті жабдықтар, стендтер, оқу материалдарымен безендірілген оқу сыныбында етті қайта өңдеу және ет өнімдері техноло­гия­ла­ры, ет саласындағы есеп және ес­еп беру бойынша сабақ жүргі­зі­леді. – Қазақстандық және еу­ро­палық университеттердегі оқу үдерісін ұйымдастыруды са­лыс­тыра отырып, студенттер­дің өздік және дәрісханалық жұмыстарына бөлінген уа­қыт­қа қатысты әртүрлі әдістерді атап өтуге болады. Ал осы ба­ғытта сіз басқаратын білім ор­да­сында не істеліп жатыр? – Иә, расында еуропалық оқу орындарында дәріс, семинарлар мен оқытушылар өткізетін сабақ­тардан гөрі, әдебиетті оқытуға, дербес ізденістер, жазбаша жұ­мыс­тарға көп көңіл аударылады. Студенттердің өздік жұмыстары білім беру үрдісінде негізгі эле­мент ретінде қарастырылады, себебі ол ой-өрісті кеңейтеді, тал­дау­шылық қабілетті, логиканы дамытады. Біздің университетте бірнеше жылдар бойы оқу үдерісін жос­парлы-кезеңдік қайта құру жүр­гізіліп келеді. Бұл студенттердің өздік жұмыстары мен өткізілетін сабақтарының практикалық фор­ма­ларын байыта түседі. Дәріс­тер­дің мақсаты өзгерді, яғни шолу немесе проблемалық дәріс­тер­ді жетекші маман-практиктер немесе шақырылған академиктер, профессорлар жүргізеді. Қазір бізде студенттердің өз бетімен ізденіп жүргізген жұмыстары нә­ти­желі болуы үшін барлық қа­жет­ті жағдайлар жасалған. «Білім орталығы» ақпараттық-білім беру орталығы университеттің барлық оқу корпустарындағы оқу залдарында жұмыс істейді. Олар ең жаңашыл талаптарға сай жабдықталған, ақпараттық-білім беру порталының электрондық кі­тапханасында барлық қажетті ақпараттық және оқу матери­ал­дары орналастырылған, оған уни­верситеттің тармақты корпоративтік желісінің кез келген компьютерінен кіруге болады. Уни­верситеттің порталы, интер­нет­тің жылдамдығы 20 мгб құ­райды. Оқу сабақтары негізінен түстен кейін өткізіледі, студенттер қалған уақыттарын оқыту­шы­лардың басшылығымен өздік жұмыстарына арнайды. Дене шы­­нықтыру сабақтары түстен кейін жүргізіледі, кешкілік сту­дент­тер­дің өз қалаулары бойын­ша әр­түр­лі спорт түрімен айна­лысуына мүмкіндіктері бар. Оқытушылар еңбегі негізінен академиялық еркіндік деңгейімен және кез келген жаңаша бас­та­ма­ларды жандандыруларымен өл­ше­неді, оларға еңбек етудің қо­лайлы шарттары арқылы және лайықты еңбекақы төленеді. Алдымен, олар сабақта қа­жет­ті инновациялық технология­лар­ды, оны байыта түсетін құ­рам­дас әдістемелерді пайдалану және өз­дігінен пәндердің мазмұ­нын белгілеу мүмкіндігіне ие болады. Академиялық еркіндік оқы­ту­шы жауапкершілігінің жоғарғы деңгейдегі үлесін көрсетеді, ол –өз кезегінде сабақ берудің сапалы білім нәтижесіне жетудегі қыз­метінің басты жетістігі болмақ. Мұнда оқу жетістіктерінің еңбек­пен ұштасуы және оның қоғам­дық рөлі сонымен қатар сту­дент­тердің пікірін ескере отырып талдау жасау, оқытудың барлық ке­зең­дерінде өзін-өзі бақылау үр­ді­сін жүргізу, білім сапасымен ан­ықталады. Әрине мұның барлы­ғы еңбек етудің қолайлы шарт­тары және лайықты еңбекақы төлемімен жүзеге асырылады. Әрбір оқытушы студенттің пән­ді қаншалықты игергендігін өзі талдап көрсетеді, жоспар­лай­ды және жұмысын жандандыру бағытында өзінше ізденіп, өзге­ріс­тер енгізеді. Бұл оқытудың барлық кезеңдерінде солай бо­лып отырады, яғни оқытушыдан ректорға дейін қойылар талап осындай болмақ. Нағыз менеджмент сапасы дегеніңіз осы. Ал менеджмент сапасы дегеніміз негізінен өз жұмысын өзі тиімді ұйымдастыру емес пе? Кредиттік технология сту­дент­ке оқу бағдарламасын өз бетімен меңгеруде оның белсенділігін арт­тырады, практикалық талдау мен талқылауда жеке көзқарасын қа­лып­тастырады және өз-өзінің білім деңгейін көтеруге бағыттайды. – Ал, сіз басқарып отырған оқу орнында бұл қалай жүзеге асады? – Оқу үдерісінде еркін таңдау жасау өте маңызды болып та­бы­лады, өйткені бұл студенттің кә­сі­би дайындық белсенділігін арт­тыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, студенттердің түрлі пән­дер бойынша оқытушыны өздері таң­дауларына қатысты үлкен мүм­кіндіктер бар. А. Байтұр­сы­нов ат­ын­дағы Қостанай мемлекеттік уни­верситетінде барлық элективті пәндер 2 топқа бөлін­ген. Бұл жал­пылама және оқы­ту­дың траекто­рия­лық анықтағы­шы, студенттерге білім берудегі бағдарлама бой­ынша кәсіби дағ­ды­сы мен құ­зі­рет­тілік тепе-тең­дігін негізге ала отырып, нақты қызмет саласына тікелей қа­тыс­ты бағдарлауды көз­дейді. Жұмыс берушінің өтінімі бойынша және де студенттің өз таңдауы бой­ын­ша да осындай 2-3 траектория ұсынылады. Студенттің академиялық жетекшісі – эдвайзер деп аталады. Ол студентке жеке оқу жоспарын құру барысында оқитын оқу пәндерін таңдауына көмектесуі үшін академиялық жүктеме бекітіліп берілген ақылшысы деуге болады. Оқу ақысы да семестр бойындағы жеке оқу жоспа­ры­ның жұмысына негізделеді. Ал, оқу ақысы бір семестрде қанша кредит жоспарланғандығы бой­ын­ша студенттің жеке оқу жос­парына тікелей бағытталған­дық­тан, әр семестрде қанша кредит көрсетілсе соған сәйкесті түрде оқу ақысы да әртүрлі болып өз­ге­ріп отырады. Егер студент қаржы тапшылы­ғы­на байланысты аз ға­на пәндерді игеруді мақсат етсе, аз ақы тө­лейді, бірақ ондай жағдайда оқу мерзімі әрине, ұзағырақ болады. Оқытудың жекелік сипаты – студенттердің қажеттілігін өтеу барысында өзін-өзі көрсетеді. Мә­селен, мемлекеттік стандарттар талабы бойынша студен­тер­дің бір бөлігіне (ең аз көлемде) ең төменгі білім жеткілікті болса, онда басқа студенттерге өз ық­тия­ры бойынша тереңдетілген оқу пәндерін оқытуға тиіспіз. Со­нымен қатар студенттердің өз қа­лауы бойынша қосымша пән­дерді оқуға мүмкіндіктер беріледі. Осындай мүмкіндікті кредиттік технология бере алады. – Академиялық еркіндік қа­ғи­датының артықшылығы он­ың академиялық ұтқырлығы деп білеміз. Сіздерде осы ба­ғыт­та не істелініп жатыр? – Академиялық ұтқырлық–оқу ордаларының интеграциялық білім берудегі ең маңызды үрдісі. Өйткені, ол білім берудің ха­лық­ара­лық кеңістігіне жол ашады. Қос­танай қаласындағы жоғары білім орындарының үш жақты келісімі негізінде оқу жылы ба­рысында бірқатар мамандықтар үшін кейбір пәндерді бірлесіп (біріктіріп жүргізу) өткізу немесе бір білім ордасында бар маман­дық­тар екінші ЖОО-да жүр­гі­зілуіне байланысты ауыстыры­лып отыратын болады. Сонымен қатар, білім ордалары оқу жос­пар­ларының интеграциясы жүзе­ге асады, мұнда бұл консо­р­ци­ум­ға қатысатын ЖОО-ның келісілген оқу кестесі бойынша бір­лескен оқу сабақтарын пән бой­ынша ең үздік деп іріктелінген оқытушылар жүргізеді. – Еуропалық деңгейге ба­ғыт алғандарыңыз қуантады. Дегенмен әлі де түйіні шешілмеген мәселелер бар ма? – Академиялық еркіндікке ұм­тылған басқа да жоғары оқу ор­ын­дарындағы жұмыс үрдісі ба­ры­сында бірқатар қарама-қай­шы­лықтар мен қарсылықтар жоқ емес. Академиялық еркіндіктің мән-мағынасын жете түсінбеу, дұ­рыс мазмұнын ашып жеткізе алмау оны оқу үрдісінде қол­да­ну­ға кері әсерін тигізіп жүр. Академиялық еркіндік туралы студенттер қауымының да таным түйсігі әлі күнге жеткілікті дә­ре­жедегі мүмкіндікте емес, сондай-ақ нақтылы еркіндік механизмі ту­ралы көзқарастары да қалып­та­сып үлгермегендіктен, өзінің білім алуы барысындағы құқықтық негіздемелерінің тиімділігін тани бермеуі көп жағдайда мұны қол­дану тиімсіздеу сияқты көріністі қалыптастырып отыр. Кәсіби мамандар дайындау ба­рысында академиялық еркіндік туралы пікір көбінесе көлеңкеде қалып, ескерілмей, жалпылама дек­ларацияланатын (ресми түрде мәлімделетін) болса, онда оқу ор­нының түлегі кез келген ма­ман­дық саласындағы қажетті­лік­ті өтей алмайтын, тиімсіз, жарам­сыз болады. Осы мәселені толы­ғы­рақ студент те оқытушы да таным түйсігімен қабылдай білуі керек. Егер барлық жоғары оқу ор­ындарында оның құндылығын арт­­тырып, құрылымға енгізсе, ака­­демиялық еркіндіктің отандық білім ордаларында тиімділігі артып, жемісті нәтижелері болары айқын. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.