Бағдарламалар • 05 Мамыр, 2017

Тараптардың іс-қимылын үйлестіруге жағдай туғызды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бастапқыда Астанадағы ке­ліссөздерге Сирияның қа­рулы оппозициялық топтарының өкілдері келмеуі мүмкін деген пікірлер айтылған. Алайда, халықаралық кездесуге бас­ты тараптардың барлығы кел­ді.Сирия үкіметі мен оппо­зи­ция­сының делегациясы да қатысты.

Тараптардың  іс-қимылын үйлестіруге жағдай туғызды

Бұл Астана процесінің маңызы зор екендігін көр­сетеді. Керек десеңіз, Астана процесі Женева ке­ліссөздерімен салыстырғанда нәтижелі деуге болады. 

Сириядағы соғыс 2011 жылдан бері толастамай тұр. Оны тоқтату келіссөздердің әлі біраз раундын қажет етеді. Өкінішке қарай, Таяу Шығыста қақ­ты­ғыс­тардың одан әрі жалғаса беруіне мүдделі топтар бар, сол себепті, мәселені бейбіт жолмен реттейтін дең­гейге жету үшін әлі бірталай уақыт керек болуы мүмкін.

Сирия үкіметіне қарсы оппозициялық топ­тар­дың бір бөлігінің бітімге келуге, мәселені бейбіт жолмен шешуге мүдделі екендігі байқалады. Бұл, бір жағынан, Сирия, Иран, Түркия сынды елдердің бір-бірімен қайшы келу мүмкіндігін азайтады. Бұл – өте жақсы нәтиже, себебі, бәрі бір-біріне қару кезенетін жағдайға жетсе, ахуал ушығып кетуі мүмкін. Астана процесі Түркия, Иран, Ресей елдеріне Сириядағы атыс режімін тоқтату бойынша іс-қимылдарын өзара үйлестіріп отыруға мүмкіндік берді.

Марат ШИБҰТОВ, 

саясаттанушы

Соңғы жаңалықтар