Медицина • 05 Мамыр, 2017

Жомарттарға қозғау салатын бастама

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапқандай.

Жомарттарға қозғау салатын бастама

Өйткені, әр адамның туған жері бар. Өмірдің өз тәжірибесі көрсеткендей, Президент­тен бастап қарапайым жұмысшыға дейін Астанада немесе Алматыда тұр­са да бір бүйрегі туған жеріне бұра­тыны шындық.
Бұрыннанда өз туған жерлеріне спорт алаңын, мешіт, мектеп, бала­бақша салып берген жомарт жан­дар­дың қатарында Н.Бал­ғым­баев, Н.Сабильянов, ағайынды Байшо­лақов­ барын білетінмін. Алдағы уақытта Елбасының бағдарламалық ма­қа­ласында айтылған «Туған жер» бағ­дарламасына өз үлесін қосатын патриот жандар көбейері сөзсіз. Ту­ған жеріне көмек қолын созып, ауыл­дастары­ның алғысын арқалайтын жан­дардың көп болуы елдіктің, бірлік­тің белгісін айқындайды. 
Қарабау өңірі – тарихи-мәдени мекен. Біздің туған жерімізде де талай батырлар мен ақындардың ізі қалған, елдің көркеюіне үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің қолтаңбасы бар. Ауыл көлеміндегі әр отбасында ұлттық құндылығымыздың куәсі болатын жәдігерлер табылатыны да шындық. 
Ал қазіргі ұрпақтың көбінің жастықағаш, асадал, жүкаяқ, мосы, т.б. білмейтіндігі де мәлім. 
Ғасырлар бойы халқымыздың кәде­сіне жараған бұйымдарды, ұлт жәді­герлерін білмеу – үлкен сын. Сон­дықтан да әр ауылда өткені­мізді еске түсіретін, ұлықтайтын музей ашылса, ұрпағымыздың ел тари­­хына, мәдениетіне, салт-дәс­түрі­не қызы­ғу­шылығы артып, қадір-қасиет­ін түсінері анық. 

Гүлжан ТОҚМЫРЗИНА,
мұғалім
Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы,
Қарабау ауылы 

Соңғы жаңалықтар